Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАРКЕНТТЕ ЖЫР ЖАУҒАН КҮН

4 тамыз 2024
РУХАНИЯТ
ЖАРКЕНТТЕ ЖЫР ЖАУҒАН КҮН
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Гүлбақыт Қасеннің «Бойтұмар жыр» атты оқырмандармен еркін форматтағы кездесу кеші өтті. Шараға аудандағы жырсүйер қауым, еңбек ардагерлері, кітапханашылар, аудандық Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мен талантты оқушылар қатысты. 


Кездесудегі алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Қанат Досмаилов алып, тектілігі, биязылығы бір бойынан табылған ақын қарындасына ізгі тілегін білдіріп, ұзақ та бақытты өмір, кіршіксіз көңіл мен шығармашылық табыс тіледі. Аудан әкімі М. Сағымбектің Алғыс хатын табыстады. 

Келесі кезекте ақынның өмір, еңбек және шығармашылық жолы жайлы  бейнебаян көрсетілген соң Гүлбақыт Тоқтанқызына сөз беріліп, ол өзінің жазиралы Жаркент жерінің бар көрінісін шебер суреттеген жырын оқып, қатысушыларды тәнті етті. Өзі дүниеге келген Айдарлы ауылы, ата-бабасының атамекені – Қоңырөлең өңірі туралы, аяулы ата-ана, бауырлары, білім алған, өмірінде айшықты із қалдырған оқиғалар туралы жүрек тебірентер сырларымен бөлісті. Аудандағы 26 кітапханаға қаламгерлердің қолтаңбасы қойылған 300 дана кітабын таратып беретінін айта келе аудандық кітапхана директоры Д. Сұлтанбековаға, жастық және оқушылық шағы өткен Айдарлы ауылдық кітапханасы мен аудандық Жауынгерлік даңқ мұражайына өз атынан жеке кітап топтамасын табыстады. Сонымен бірге балалар кітапханасының қорына әлемдік және отандық қаламгерлердің белгілі шығармаларын, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған аудиокітаптар жинағын табыстап, өзінің сиясы кеппеген «Кітапхана» жырын оқыды. 

Гүлбақыт кездесуге келген Еңбек Ері К. Айтжановаға, атақты жүгеріші К. Бердіғұловаға, абыз ақын ана Б. Әбдікерімқызының иықтарына оюлы қамзол жапты. 
Кездесуде сөз сөйлеген сазгер Б. Жақыбаев талант иесіне ізгі тілегін білдіріп, нағашылық туыстығының белгісі ретінде оған тай атады. Еңбек Ері К. Айтжанова, ардагер аналар  К. Бердіғұлова, Б. Әбдікерімқызы, ақын А. Есімбеков, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Т. Керімқұлов, тағы басқалар ақынға өздерінің жүрекжарды игі тілек-лебіздерін білдірді. 

Кездесу соңында аудандық кітапхананың директоры Дария Бекжігітқызы Гүлбақытқа жүрекжарды ізгі тілегін білдіріп, иығына қамзол жауып, мойнына ақ орамал тартты. 

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.