Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЕРМЕК СҮЙЕНІШ: «АЛҒАШҚЫДАЙ ҚОБАЛЖУ ЖОҚ»

25 шілде 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЕРМЕК СҮЙЕНІШ: "АЛҒАШҚЫДАЙ ҚОБАЛЖУ ЖОҚ"
WhatsAppTelegramFacebook

Жаһанның әр елінен іріктелген саңлақтар Парижге келіп, Олимпиаданың ХХХІІІ ойындарын бастауға дайын. Ел құрамасынан алғашқы болып аттанғандар қатарында боксшыларымыз бар. Әр төрт жылдықтың басты додасынан былғары қолғап шеберлері жүлде алып келе жатыр, биыл толық құрамда (әр салмақта) барған оларға артылар үміт зор. Одан бөлек Халықаралық іріктеуден өткен бокстағы екі төрешіміз  ­– Әлішер Алтаев пен жетісулық Ермек Сүйеніш те Сена өзенінің жағасында орналасқан шаһарға аттанды. Әуежайда «үш жолақтылар» (Франция) елін бетке алған жетісулық төрешіні азды-кем әңгімеге тарттық.

– Жетісулықтың Олимпиада ойындарында төрешілік жасайтындығы қуантады. Төрешілер қалай ірктелді, Токио Олимпиадасынан кейін өзіңіздің баратындығыңызға сенімді болдыңыз ба?

– Бұл – менің екінші Олимпиадам. Салыстырмалы түрде алғашқы Олимпиада ойындарындағыдай қобалжу жоқ. Олимпиадаға төрешілерді іріктеу былтыр тамыз айында басталды. Бірінші кезекте емтихан тапсырып, арнайы сертификат алдық (С.Қ – минималды көрсеткіш 8 ұпай болса, Ермек Сүйеніш 10 сұраққа да жауап берген). Елімізден барған төрт төреші түрлі сынықтардан өттік. Мен Африка ойындары, одан кейін Тынық мұхит ойындарында төрешілік жасап, кейінгі Италия мен Тайландта өткен лицензиялық турнирге қазылық жасауға мүмкіндік алдым. Арнайы семинар өтті, ол жерде төрешілерді бағалап, рейтинг түзді.  Сүзгіден жалпы 40 төреші өтсе, Токио олимпиадасында да жұмыс істеген 10-ға жуық төрешінің қатарынан табылғаныма қуаныштымын. Қазіргі уақытта ережелерді оқып, іс-қимылдарды да қайталап жатырмын. Барған бетте арнайы сабақ ұйымдастырылады. Ережелерді пысықтаймыз. Көңіл күйім жақсы, жұмысқа дайынмын. Елдің абыройын асқақтауға барынша жұмыс істейміз.

«ЕКІ ҚАЗАҚ БІР АМЕРИКАЛЫҚТЫ ҰТАТЫН ШЫҒАРСЫҢДАР…»

– Әр жарыста бір оқиға орын алып тұрады. Әріптестер арасындағы әзіл, құрдастар арасындағы қалжың жиі болады. Токио олимпиадасында 57 келі салмақтағы финалға төрелік жасадым. Америкалық Дюк Рэганды шақырғанда, ол рэп қосып алаңға көтерілді. Одан кейін ресейлік Альберт Батырғазиевті рейтингке шақырып еді, «Домбыра» әні ойнап сала берді. Көз қиығыммен қарап қоямын. Жекпе-жек аяқталды. Ноғайдың қазағы Батырғазиев жеңіске жетті. Артынша ресейлік әріптесім келіп «екі қазақ бір шаршы алаңда жүріп бір америкалықты ұтатын шығарсыңдар» деп қалжыңдайды.

– Шамамен неше жекпе-жекке төреші боласыз? Қандай тәртіп, жүйе бойынша анықталады?

– Дәл қазір белгісіз. Өйткені ол барған кезде арнайы компьютерлік құрылғы арқылы анықталады. Сол бойынша жұмыс істейміз.

­– Бокстан Ұлттық құрама қандай нәтиже көрсетеді деп ойлайсыз?

– Жаттықтырушы болмағаннан кейін нақты ештеңе айта алмаймын. Егер боксшыларымыз өз деңгейінде жекпе-жекке түсе білсе, жақсы нәтиже көрсетуі керек.

– Еліміздегі Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин IBA-дан  World Boxing-қа өту ойын құптады. Қалай қарайсыз?

– Дәл қазіргі сәтте Халықаралық Олимпиада комитеті World Boxing-ті қолдап отыр. Келесі Олимпиадаға іріктеуді сол ұйым жүргізеді. Менің жеке пікірім, өткеніміз жөн. Қай тұрғыдан алып қарасақ та тиімді. 

– Сұхбатыңызға рахмет!

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.