Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Даңқ тұғырына шығарады

25 шілде 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
Даңқ тұғырына шығарады
WhatsAppTelegramFacebook

Дзюдо жапондық жауынгерлік өнердің бір түрі. Осы спортпен айналысып, елдің даңқын шығарып жүрген оғландарымыз өте көп. Бұл күні қазақстандық жастардың дені дзюдомен шұғылданады. Солардың бірі Уәлихан Серік. Көрсетіп жүрген нәтижелері  жаман емес.

Уәлихан Алакөл ауданына қарасты Жанама ауылының тумасы. Сол елді мекендегі қазақ орта мектебінде білім алады. Биыл 11 – сыныпқа аяқ баспақ. Ал, дзюдомен 7 жасынан бері айналысып келеді. Ол былтыр оқушылар арасындағы дзюдодан өткен республикалық жарыста 3-орынға табан тіреп, қола жүлде иеленіпті. Жас спортшы үштіктен көрінудің өзі қиын болғанын, сол жолда есепсіз тер төгілгенін айтады. Келер жылы осы турнирге тек 1-орын алу үшін ғана баратынын сөз етеді.

Спорт шеберіне үміткер деген атағы бар өреннің болашағынан жаттықтырушысы да көп үміт күтеді. Сондықтан әрдайым Уәлиханның жаттығуына айрықша назар аударып, салмақ дәрежесін қадағалап отырады. Осы тұста жеткіншектің де өз айтары бар.

– Спорттық дзюдода соққы беруге болмайды. Сондай-ақ, қолмен аяқтан қапсырып ұстау, көзді шұқу, жақты ауырту, қылқындыру сияқты әдістерге де рұқсат жоқ. Партердегі күресте тек шынтаққа ғана ауырту тәсілдері рұқсат етіледі. Бұл тұрғыда жаттықтырушым Ербол ағайдың маған үйретіп жатқан айла-тәсілдері көп. Менің жеңіс тұғырынан көрінуімнің себепкері де осы кісі. Айтар алғысым шексіз, – дейді жас дзюдошы.

Уәлихан дзюдодан бөлек самбо, қазақша күреспен де шұғылданады. Бұл спорт түрлерінен жеткен жетістіктері де бір төбе. Ол Елдос Сметов сынды әйгілі спортшы болуды армандайды.

«Жетісу-Ақпарат»

 

 

Қатысты жаңалықтар

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03
Машина жасау мен фармацевтика салалары рекордық өсім көрсетті

Машина жасау мен фармацевтика салалары рекордық өсім көрсетті

Бүгін, 12:00
Әлемдік ғылымның айтулы тұлғасы

Әлемдік ғылымның айтулы тұлғасы

Бүгін, 12:00
Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 40-тан астам адамды аман алып қалды

Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 40-тан астам адамды аман алып қалды

Бүгін, 11:36
Талдықорғанда дәрігерлер науқастың жалғыз аяғын ампутациядан сақтап қалды

Талдықорғанда дәрігерлер науқастың жалғыз аяғын ампутациядан сақтап қалды

Бүгін, 11:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.