Талдықорған: +27°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АҚШАНЫҢ ҚАДІРІН БІЛГЕН ЖӨН

14.07.2024
ЭКОНОМИКА
АҚШАНЫҢ ҚАДІРІН БІЛГЕН ЖӨН
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде әрбір адамның қаржылық сауаты болғаны жөн. Мұны білмесек, орынсыз шығынға ұшырап, қарыздан қарызға батуымыз мүмкін.


Несие, депозит, ипотека – осының бәріне қаражат керек. Бір сөзбен айтқанда, ақша – күнделікті өмір сүруге қажет. Сондықтан, оны бала кезден үнемдеуге, орнымен жұмсай білуге үйренуге тиіспіз. 

– Ата-ана баласын қаржы сауаттылығы курсына әкеледі. Егер, отбасында ақшаны дұрыс жұмсау әдебі болмаса, бала ол жерден үйренгенінің бәрін істемейді. Сөйтіп, ол ақшаны басқару ережесін ұмытып, әке-шешесінен көргенін жасай бастайды. Мысалы, әкесі ақшасын аяқкиімінде немесе банкілерде сақтайды дейік. Ал оны көрген бала сол әдетті қайталауы ғажап емес. Сондықтан, бұл жағынан алдымен ересектердің де білімді болғаны жөн, – дейді жеке қаржы жөніндегі сарапшы Ақжүніс Брасилова. 

Сарапшылардың сөзінше, баланы 3-4 жастан бастап, яғни оның ақшаның не екенін түсіне бастаған кезден қаржылық сауаттылыққа үйреткен дұрыс. Ата-ананың қаржылық сауаты баласының болашақтағы әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ата-аналардың балаларына қатысты жіберетін басты қателігінің бірі – ол үнемі мақтау, кейде негізсіз ақшалай көтермелеу. Яғни, бала ақшасыз да орындауға тиіс міндеті үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл жас адамның психологиясына кері әсерін тигізіп, ішкі құлшынысты жоғалтады. 

Егер ата-анасы баласына «ақша жоқ», «ақша басып шығарады деп ойлайсың ба», «ақша ағашта өспейді» деген сияқты сөздерді жиі қолданатын болса, онда бала ақшаны жаман деп ойлауы мүмкін. Сөйтіп, оның көңіл-күйі ақшаға тәуелді болады. Әке-шеше кейде баласын ақшаға қатысты проблемалық мәселелерден қорғауға тырысады. Мысалы, отбасы қаржылық қиындықты баладан жасыруы мүмкін. Ал бала оны білмейді. Салдарынан қалта қаражатын еш уайымсыз, еркін жұмсау жалғасады. Кейіннен бұл болашақ ересектің ақша үнемдеу, орнымен жұмсау әдебін үйренуге зиянын тигізеді.

Сарапшылар ақшаға қатысты қандай да бір қиындық туса, мұны баладан жасырмай ерте білдірген жөн деп санайды. Ата-аналар отбасына қаншалықты қаражат жұмсалатынын балаларына көрсетуі тиіс. Мысалы, қанша кіріс, қандай шығыс бар. Мұны көрген бала біртіндеп отбасы бюджетінің қалай басқарылатынын бақылай отырып, ақшаның қадірін түсіне бастайды. 

Сондай-ақ, баланы қаржы сауаттылығына ерте кезден тәрбиелеу маңызды. Үлгі ретінде қаржыға байланысты мәселені дұрыс шеше білген, қаржылық сауаттылығының арқасында табысқа қол жеткізген адамдарды мысалға келтіруге болады. 

«Баланы инвестициялаудың негізгі қағидаттары және тәуекел ұғымымен таныстыруға болады. Табыстылық неғұрлым көп болса, тәуекел соғұрлым жоғары, керісінше, тәуекел неғұрлым аз болса, табыстылық соғұрлым төмен болады. Басты міндет – бала бойына қаржылық жауапкершілікті қалыптастыру »,– дейді Ақжүніс Брасилова. Сарапшы баланың үнемдеуге, инвестициялауға деген ұмтылысын көтермелеуді ұсынды. 

Қатысты жаңалықтар

Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026
Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

07.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ұлттық құрылтай – ел бірлігін бекемдейтін қоғамдық диалог алаңы

07.08.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Болашаққа бағдар

07.08.2026
Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.