Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тәлімі мол тәжірибе алаңы

27 маусым 2024
КҮНДЕРЕК
Тәлімі мол тәжірибе алаңы
WhatsAppTelegramFacebook

Ауылшаруашылығын түлету – уақыт талабы. Оның өз себебі де жоқ емес. Қазір әлемде азық-түлік қауіпсіздігі деген мәселе бар. Айтулы түйткілге алпауыт елдердің өзі алаңдаушылық танытады. Оны уақыттың өзі көрсетіп отыр. 

Ал, ен байлықтың үстінде отырған дана қазақ «Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен» дегенді айтқан. Шынтуайтына келгенде, тонна-тонна алтын өндіргендерден түйір дән еккеннің озып жатқан жайы бар. Алайда, жерге тұқым сепкеннен көл-көсір табысқа кенеліп кете алмайды ешкім. Дән өнгенше, өніп астық бергенше диқанның маңдайы талай терлейді. Оның үстіне өскен дақылдың зиянкестерден зардап шекпеуі, түрлі ауруға шалдықпауы да күзгі терімде маңызды рөл ойнайды. Осындай ауқымды тақырып Көксу ауданына қарасты Мәулімбай ауылындағы «Кең дала» шаруа қожалығының алқабында өткен «Дала күнінде» таразыланды. Дала еңбеккерлеріне тәжірибе алаңы болған жиынға «Август-Қазақстан» ЖШС мұрындық болды.

Жиынға «Август-Қазақстан» ЖШС, «КазИнвестСоя» ЖШС, «Black Biotechnology» ЖШС сынды егін шаруашылығын инновацияландырып жүрген ірі құрылымдар, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өкілдері, дала төсін емген диқандар және облыстың ауылшаруашылық құрылымдары қатысты. Жиында Жетісу облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев пен Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов сөз тізгінін тартып, диқандардың еңбегін еселі етуде жиынның маңызы зор екенін, инновация мен заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісуге оңтайлы тәжірибе алаңы болатынын алға тартты. Сондай-ақ, жетісулық дала еңбеккерлеріне мұндай мүмкіндік сыйлаған «Август-Қазақстан» ЖШС жетекшілеріне алғысын жеткізді. 

Жалпы, диқан еңбегінің еселі болмағы бірнеше факторға тәуелді. Әуелгісі – тұқым. Дала еңбеккерлеріне дақылдың өнімділігі көп болуы үшін қоршаған ортаға, климатқа төзімді тұқымдар аса қажет. Жетісу өңірінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қант қызылшасын егу көлемі артып келеді. Егістік көлемі ұлғайған сайын оған кететін шығын да артады. Тізбектесек, жанар-жағармай, тыңайтқыш, бастысы, адам күші. 

Дастанбек САДЫҚ
Суретті түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.