Елена Рыбакина Истборндағы турнирге қатысудан бас тартты.
Қазақстандық теннисші турнир күнтізбесінде өзгерістердің орын алуына байланысты Истборнда (Британия) өтетін жарысқа қатыспайтын болды.
Елена Берлиндегі жарысында денсаулығына байланысты турнирді аяқтай алмаған еді. Қазір Уимблдонға дайындығын шыңдауда.
Уимблдонның негізгі кезеңі 1 шілде күні басталады.





