Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАУЛАРДЫ АЛАСАРТПАЙЫҚ

16 маусым 2024
КҮЛТӨБЕ
ТАУЛАРДЫ АЛАСАРТПАЙЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Бірінші көрініс. Қаланың орталық көшесі. Халықты ақпараттандыруға негізделген жарнама тақтасы. Бетінде сұраулы жүздегі сәбидің суреті. Астында үлкен әріппен «Әке, алимент төлеші!» деген жазу. Жүрексізге әсер ете қоймас. Ал, «жүрегі барлардың» кеуде тұсын шымырлататын жарнама. Жарнама емес-ау, құлақтандыру. Сол құлақтандыру құлақты тұндырып тұр. 


Екінші көрініс. Автобус іші. Әңгімелескен екеудің бірі: «Қазіргі еркектер ез болып кеткен». Екіншісі оны қостап: «Бала тудырудан басқа қолынан түк келмейді. Әлсіз еркек қана әйелге қол көтереді».

Үшінші көрініс. Есік алдында ойнап жүрген бір баладан екіншісі сұрауда: «Сенің әкең қайда?». «Әкем өткенде анамды сабаған. Сосын оны полицейлер әкетті». 

Өмір болғасын бәрі болады. Қалыпты жағдай. Көп жұрттың үш көріністі қабылдауы осыған саяды. Өйткені, күнделікті тіршіліктегі болып жатқан жағдаяттарға көз үйреніп, ет өліп кеткен. Өлген етте жан болушы ма еді?! Жаны болса жеті атасынан кеңістігіне жат дүниені қабылдай алмас еді. 

Жалпы, осы көріністердің жағдайынан нені аңғардыңыз? Біз неден қағылдық? Неден жаңылдық? Әкені қор етер қоғамды қайдан түздік? Баба жұрт «Алты аға бірігіп әке болмас» деген ұлық сөзді айтып еді. «Әкең біледі», «әкең шешеді», «әкеңнен сұран» деген қоғамнан шығып, «аналаған», ананы паналаған қоғамға қайдан тап келдік?! Бұл сөзіміздің қуаты, көп шаңырақта әкені шеше алмастырып жүр. Себебі, 1 миллионға жуық бала асқар таусыз күнелтуде. Денінің әкесін құдай алған жоқ, заң алды, адам алды.

Қазақтың тәу етері де, тау етері де – әкесі-тін. «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасындағы құрақ». Осы ұлағатқа мән бердік пе? Бұлаққа да, құраққа да пана тау емес пе? Кейде ойлайсың, бар жақсыны анаға теліген қоғам түзіп, әке беделін төмендетпедік пе? Бәлки, ана тілі емес, ата тілі дегеніміз жөн шығар? Отан-ана емес, Отан-ата болуы керек пе? Құлаққа түрпідей естілді ме? Дейтұрғанмен, қазақ ана жолымен емес, әке жолымен тарайды. Отан-ана, ана тілі сөзін әкелер жасақтады, оны анық білеміз. Қазақ тарихында әйелдер ерлермен иін тіресіп ұлт тағдырын жасағанмен ерлерін алға оздырып, екіншілікті місе тұтты. Осылайша, өз беделін де, әке (еркек) беделін де асқақтатты. Ал қазір ше? Қазір қорлықшыл да, зорлықшыл да, азғын да, озбыр да әке болып шыға келді. 

Жалпы, гендерлік теңдік деп жүріп, тең дүниені теңсіздікке жеткізбедік пе? Қазақта әу бастан ер мен әйел тең еді ғой. Мысалы, ХV ғасырда күллі Еуропадағы әйел біткен кітап шығармақ түгілі есімін жаза алмай жүрді. Ал, сол уақытта дана қазақтың ханымы, Қасым ханның жары Айша-бегім кітап жазған. Қасым хан жарын тең көрмесе кітап жаздырар ма еді? Тарихында Франция бір ғана Жанна дАркін, Англия Маргарет Тэтчерін, Германия Беттина фон Арнимін алға оздырады. Өйткені, бұл елдің тарихында әйелдердің рөлі аз еді. Ал, қазақ тарихы ше? Әйел тұлғаларға толы. Мәселен, Тұмар-ханым, Ұмай-ана, Айша-бегім, Домалақ-ана, Жылауық-ана, Гаухар-батыр, Бопай ханым, бетперделі «Көктемір батыр» атанған Сапура Мәтенқызы, т.б. Бұл тізімді тоқтатпай әкете беруге болады. Қазақ аруларының ішіндегі ең-ең деген тұлғаларын тізіп отырмыз. Егер біздің танымда, біздің кеңістікте әйел ерден төмен болса осынша құрметке ие болмас еді ғой!

Құнанбай мен Абай дауласып қалыпты. Сонда Ибрагимнің әкесі: «Сен мықты болсаң өзіңдей ұл таптыр» депті. Әке беделін көтеретін, құрметін асқақтататын мысал бұл. Баланың дүниеге келуіне ана қандай тер төксе, әкенің де рөлі сондай болмағын естен шығармаған жөн. Тауларды аласартқаннан бұлақ пен құрақтың айы оңынан тумайды. Тек аспаннан нұр себелер бұлттар далаға ығады, бұлақ суы сарқылады, құрақ қолайсыз өседі. Сондықтан, тауларды аласартпайық бекерге!

Дастанбек САДЫҚ
 

Қатысты жаңалықтар

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.