Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Отандасымыз жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті. Қазақстандық-ирандық жұп жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесіп, 0:3 есебімен жеңілді.
Осылайша, Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатының қола жүлдесін алды.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алған болатын. Ол аралас жұптық сында чемпион атанса, жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген.
«Жетісу-Ақпарат».






