Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Tengrinews.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Бас прокуратура 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады. Ведомство сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізуге, қоғамдық пікірге қатысты сауалнама нәтижелерін жариялауға және толтырылған бюллетеньдерді фотоға, видеоға түсіруге тыйым салынатынын еске салды. Заң талаптарын бұзғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Прокуратура мәліметінше, бүгінге дейін сайлау заңнамасын бұзудың 13 дерегі анықталған. Оның жетеуі тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жүргізуге қатысты. Заң бұзған азаматтардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

28 және 29 қарашада қандай әрекеттерге тыйым салынады?

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін басталып, дауыс беру күніне дейінгі күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де тоқтатылады.

«Яғни, сайлау алдындағы үгіт жүргізу 2026 жылғы 28 қарашада, сағат 00:00-де аяқталады», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Осыған сәйкес, 28 және 29 қарашада кез келген сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады. Бұған дейін орналастырылған баспа үгіт материалдары өз орындарында қала береді. Интернет-ресурстардағы материалдарға да осы талап қолданылады. Алайда оларды сайттардың басты беттеріне шығаруға болмайды.

Сонымен қатар толтырылған сайлау бюллетеньдерін фотоға және видеоға түсіруге, сондай-ақ дауыс беру күні мұндай материалдарды таратуға жол берілмейді.

Тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жүргізгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабына сәйкес айыппұл салынады. Оның мөлшері:

  • жеке тұлғаларға – 15 АЕК (64 875 теңге);
  • шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (86 500 теңге);
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК (108 125 теңге);
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК (151 375 теңге).

Сауалнама нәтижелерін жариялауға да шектеу қойылған

Бас прокуратура қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнамалардың нәтижелерін, сайлау қорытындыларына қатысты болжамдарды және дауыс беруге байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға тыйым салынғанын еске салды.

Атап айтқанда, дауыс беру күніне дейінгі бес күн ішінде және сайлау күні мұндай ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларда жариялауға болмайды. Сондай-ақ дауыс беру күні сайлау учаскелерінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге тыйым салынады.

Аталған талаптарды бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілік қарастырылған. Жеке тұлғаларға 10 АЕК (43 250 теңге), ал заңды тұлғаларға 25 АЕК (108 125 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Заңсыз митингілер үшін де жауапкершілік бар

Ведомство бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру тәртібін де еске салды. Жиналыстар, митингілер мен пикеттер өткізу үшін хабарлау тәртібі, ал демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру үшін келісу тәртібі белгіленген.

Осы талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Ал егер мұндай әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін.

Бас прокуратура жалған ақпарат пен заңсыз контент таратуға да жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрекеттердің сипаты мен келтірілген зиянына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Ведомство сайлау процесіне қатысушыларды қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға және заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысындағы сайлау учаскелері

Жетісу облысындағы сайлау учаскелері

Бүгін, 07:00
Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.