Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құрылыс сапасы – басты назарда

12 маусым 2024
КҮНДЕРЕК
Құрылыс сапасы – басты назарда
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардың оңтүстік-батыс бөлігіндегі 9-шы жаңа  шағын ауданына барып ондағы бой көтеріп  жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Осы орайда шаһар басшысы мердігер компания өкілдерімен кездесіп, абаттандыру, кәріз, ауыз су жүйесі тағы басқа да мәселелер бойынша басталған жобаларды көзбен көріп, әр жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды ескертті.

Осы орайда  қала басшысы ірге тасы енді қалана бастаған волейбол орталығының және Қаблиса жырау көшесінде  жаңадан басталған жылыту құбырларын ауыстыру жұмыстарына да арнайы ат басын бұрды. Сонымен қатар, Көктал шағын ауданы, сондай-ақ, 3 бөлімше аумағындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол құрылыстарын да  аралап қайтты.

Ернат Дүйсенбекұлының сөзінше,  3 бөлімшеде басталған жол жөндеу жұмыстары 2024-2026 жылдар аралығында жүзеге аспақ. Қазір аймақта жөндеуден өтуге  тиіс жалпы ұзындығы 15 шақырым жол, 20 көше бар. Биылғы жылы соның 3 көшесі яғни 2,5 шақырымы жөндеуден өтеді.

Шаһар басшысы құрылыс нысандарын аралау кезінде көзге түскен бірқатар кемшіліктерді сынға алып, оны уақыт өткізбей жоюды тапсырды.

– Ел Президентінің тапсырмасына сай бүгінде мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру сапасын көтеру ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қазір осы мәселеге баса назар аударылып, көптеген оң бастамалар  қолға алынуда. Бүгінгі күнде  Талдықорған қаласы бойынша 15 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Осыған дейін олардың біразы қоныстойын тойлады. Қолданысқа берілген үйлердің біразы жергілікті бюджет есебінен  тағы біразын жеке кәсіпкерлер мен меценаттар өз қаражаттарына тұрғызылған. Әр жылы 2 мыңнан астам адамды тұрғын үймен қамту жоспарда. Сонда алдағы бірнеше жылда кезекте тұрған азаматтардың басым көпшілігі баспанамен қамтылатын болады, – деді шаһар басшысы.

Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.