Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҮЗДІКТЕР  ҮКІЛЕНДІ

8 маусым 2024
КҮЛТӨБЕ
ҮЗДІКТЕР  ҮКІЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған төрінде «Мемлекеттік тіл және БАҚ» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Облыстық  қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл байқау ережесіне сәйкес аудан, қалалардан қабылданған өтінімдер мен тапсырылған материалдар қазылар алқасының талқысына ұсынылды.

Іс-шараны ашқан облыстық  қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдос Есжанов жыл сайынғы конкурстың өткізілуі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контентті ұлғайту жөніндегі саясатты ілгерілетуге ықпал ететінін айтты.

Аталған байқауға облыстық БАҚ құралдарына жетекшілік ететін кәсіби мамандар қазылық етті. Қазылар алқасының мүшесі І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті журналистика және ақпарат білім беру бағдарламасының жетекшісі Бибігүл Каримова байқауға ұсынылған мақалаларға сын-ескертпе айтты. Ол байқауға ақпараттық емес зерттеу мақалаларды ұсыну керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, байқауға қатысқан тілшілердің материалдары шынайы сараланып, әділ бағаланғанын жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша «Жетісу» телеарадиокомпаниясының аға режиссеры Зухра Жақыпбаева, «Жетісу» газетінің тілшілері Гүлжан Тұрсын, Асыл Сұлтанғазыға ынталандыру сыйлығы берілді. Ал «Үздік мақала» аталымы бойынша «Жетісу университеті» газетінің бас редакторы Әйгерім Иебекова және «Егемен Қазақстан»  газетінің Жетісу облысы бойынша меншікті тілшісі Мұхтар Күмісбек ІІІ орын иеленді. Ақын, ардагер журналист, «Алатау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Айтақын Бұлғақов ІІ орынға лайық деп танылды. «Үздік теле және радиобағдарлама» арнайы номинациясы бойынша «Жетісу» радиосының редакторы Темірлан Айтбаев ІІ, «Үздік мақала» аталымы бойынша «Жетісу» газетінің тілшісі Еңлік Кенебай және «Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы Алмат Есенбек І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Жетісу» телерадиокомпаниясының продюсері Гүлжан Қызайбаева бас жүлдеге ие болды.

«Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты облыстық байқауға қатысушылар да марапатталып, жеңімпаздың барлығына дипломдар мен қаржылай сый-сияпаттар жасалды.

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Көркі кірген көкше теңіз

Көркі кірген көкше теңіз

Бүгін, 10:00
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.