Талдықорған: +15°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КӘСІБІ БАР ОҚУШЫ

8 маусым 2024
РУХАНИЯТ
КӘСІБІ БАР ОҚУШЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қашанда адам бір-бірінің ақыл-кеңесіне мұқтаж, бел-белестен сүрінбей өтіп кетуіне себепкер. Мақсат-мұратты айқындау жолында дем беретін асыл тұлғаның әркез қасыңнан табылғанын қалайсың. Әрдайым олай болмайтыны да заңдылық. Дегенмен ондай жан адамның тағдыр жолында бір сәтке болсын жолығатыны бар. Сол уақытта оның айтқан ойын көкейге бекем бекіткен жөн.

Айсұлтан Сапинов 9-сынып оқушысы. Қатарластарымен салыстырсақ басқаша ой қорытып, тіршілікке бөлек көзбен қарайды. Ол армандамайды, тек қажетті білім алып табысты кәсіпкер болуды көздейді. Бастысы бозбаланың мақсаты айқын.

– Менде арман жоқ. Ешқашан қиял жетегіне ерген емеспін. Жай ғана кәсіп ашып, жүздеген адамды жұмыспен қамту жолында іс істеп жатырмын. Оқушы болсамда қазіргі уақытта ересек адамның айлап жүріп табатын қаржысын тауып жүрмін, – дейді ол. 

Айсұлтан бұл күні өзі ашқан кәсібінің арқасында екі досын жұмыспен қамтып отыр. Ол қандай кәсіп деп ойлап отырған шығарсыз?!

Айсұлтан әу баста қарапайым гипс ұнтағына зерттеу жасап, одан не шығаруға болатынын анықтаған. Гипсті құрылысқа, тағы да басқа қажеттіліктерге пайдаланауға болады. Соның бәріне тәжірибе жасап, соңында гипстен қыш ыдысқа ұқсас тойбастар қобдишаларын, ақша салатын жәшік, түрлі-түсті қорап бұйымдарын жасап шығады. Бұл заттар тойларда үлкен сұранысқа ие болған. Жас кәсіпкер осы игілікті ісі үшін той иелерінен алғыс арқалап жүргенін айтады.

– Кем дегенде бір тойға 100 қорап жасап береміз. Бұл Талдықорғанда сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Бірақ біз істеп жатқан заттарға көптеген дүкен иелері салмақты көзқараспен қарамайды, бейжайлық танытады. Алдыға қойған мақсатымыз шаһардағы бүкіл тойларды өзімізге қаратып, үлкен-үлкен тұрғын үйлердің гипс арқылы безендірілетін тұстарына атсалысу, – дейді жас кәсіпкер.

Талапшыл өреннің осы іспен айналысуына идея қайдан келгенін айтпай өтпеске болмас. Барлығы оның «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасының қаладағы №21 орта мектепте ұйымдастырылған сәтінен басталған. Айсұлтан ол жерден «Асар» спорттық-сауықтыру орталығының жетекшісі Елдос Баялышбаевты жолықтырады. Оның өткен сабақ дәрісінен кейін көкейіне сан бір ойды ұялатып, ерекше серпін алады. Содан барып бірден кәсіп ашуға бел шеше кірісіп кетеді. Ол ісі өрге домалап, жас талаптың әрменқарай сенімді әрекет етуіне түрткі болған.

Жаңа кәсіп иесі жастардың көп уақытын ұялы телефонмен, пайдасыз қыдырыс ойын-сауықпен өтіп жатқанына наразылық танытады. Ел болашағы үшін бүгінгі ұрпақ жан ауыртуы керек деп санайды. Намысшыл өреннің бұл ойына қосылатынымыз анық.

Медет ЖҰМАБАЙ
Фото: kulturarb.ru 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Танымның тұғыры, жаңа идеялардың құралы

Танымның тұғыры, жаңа идеялардың құралы

Бүгін, 12:45
«Әділет» партиясы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдайды

«Әділет» партиясы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдайды

Бүгін, 11:49
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Бүгін, 11:38
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Есмаханов Азиз Аблайұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Есмаханов Азиз Аблайұлы

Бүгін, 11:33
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына  кандидат Өмірбаев Мадияр Ааманкелдіұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Өмірбаев Мадияр Ааманкелдіұлы

Бүгін, 11:27

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.