Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Баланың бағын ашайық

2 маусым 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
Баланың бағын ашайық
WhatsAppTelegramFacebook

Дана халқымыз «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деп текке айтпаған. Баласын болашағына балаған елдің әрбір ұрпағы баянды, қызықты шақты сезініп, елдің алымды һәм қарымды тұлғасы болып қалыптасуы керек. Бабалар аманаттап қалдырған ұлан-ғайыр далада егемендігіміз мәңгілік салтанат құру үшін Мағжан Жұмабаев сенген жастардың бүгінін жарқын және жарық еткен жөн.

«Арбаған мені бір сиқыр» дегендей, еңбек  демалысына шықсам да жаным спортқа жақын болғандықтан теңбіл доп төңірегіндегі мақалаларымды газетке үзбей беріп тұрамын. Әлі де бұл өмірде өз-өзімді қамшылап, алға қойған мақсатыма жетуге құштармын. Биылғы футболдан Қазақстан Премьер лигасындағы тоғызыншы турдан кейін көш басындағылармен  қатар келе жатқан «Жетісу» футбол клубы – сүйікті командам. Кезінде осы кәсіпқой футбол командасы Жаркент жерінде жасақталып, кейіннен облыс орталығы Талдықорғанға ауысып кеткен еді.

Рас, бүгінде төрткүл дүниеге ортақ футбол ойыны аудан, ауыл балаларына таңсық емес. Аладоп аяққа ілінсе, мейлі, топырақ, көгал болсын, таңдамай екіге  жарыла жарыса кету үйреншікті дүние. Жасыл алаң, жақсы доп болмаса да футболдан хабары бар бозбаланың көкейінде аты аңызға айналған Пеле, Марадонадан бастап бүгінгі Роналду, Мессидің ойын өрнегі тұрары хақ. Оның үстіне оларға өзімізден шыққан Абат Айымбетов, Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан,  Бахтияр Зайнутдинов,  Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков, Нұрәлі Әліп пен Жетісу футбол мектебінен шыққан Серікжан Мұжықов, Айбар Жақсылықовтардың ізінен ілескісі келетін оқушы балалардың  қиялына қанат бітіріп, оларды спорттың осы түріне баулуды ниет еткен бапкер әрі ардагер спорт жанашырлардың бірімін.

Бүгінгі қоғамда бұқаралық спортты дамыту төтенше маңызға ие әрі көкейкесті мәселе. Әрине, қай заман, қандай уақыт болмасын жұмысбасты пенде үшін деннің саулығынан асқан байлық  болмаған. Сол сияқты тоқсан ауыз сөздің түйінін тобықтай етіп, дәл жеткізе білген бабаларымыз «тәні саудың жаны сау» дейтін өсиет қалдырып, салауатты өмір салтының бағасын әлдеқашан-ақ беріп кеткен. 

Осы ретте Жаркент қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектептің футбол қақпалары ғана тұрған үлкен спорт алаңының инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында айтылған өтінішіміз орындалып, бүгіндері жобалық-сметалық құжаты сараптамадан өтіп, қаржысы бөлінгенін айрықша атар едім. Енді тендерді ұтқан мердігер компания жобадағы 100х65 м. үлкен футбол алаңын айналдыра төрт жолақты жүгіру жолдарының резиналы төсеніштерін төсеп, стандартқа сай ұзындығы 400 метр болатын қоршауларын орнатып берсе игі еді. Аталғандай етіп спорт алаңын  бітірсе, балалар футболының өркендеуімен қатар «спорт падишасы» жеңіл атлетиканың да ауданымызда дамитыны анық.  

Осы тұста таланты жетіп-артылатын ауылдық жерлерде спорт залдары мен футбол алаңдарын көптеп ашса екен дейміз. Сонда ғана жас дарындар сараланып, оларды тауып, кәсіби шеберлігін арттыруға жол ашылар еді. Ал баланың бағын ашу, оларды спортқа баулу – баршаның ортақ міндеті.

Сұлтанғазы ҚОҚАБИ,
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, спортшы, ұстаз
Жаркент қаласы
Фото: fk-jetisu.kz 

Қатысты жаңалықтар

Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.