30 мамырда бір мезгілде Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде «Халық заңгері» атты жалпы республикалық акция өтеді.
Қарапайым халықтың құқықтық сауатын арттыруды мақсат еткен республикалық акцияға ҚР Үкіметі қолдау көрсетіп отыр. Оның ұйымдастырушылары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары!
Акцияға заңгерлермен қатар нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. мамандар қатысады. Бұл азаматтарға бір заңгермен ғана шектелмей, бірден бірнеше маманнан кеңес алуға және алынған жауаптардың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.
2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Халық заңгері» акциясының қажеттігі анық байқалып, қарапайым тұрғындардың қолдауын апты. Соған орай оны өткізу дәстүрге айналды.
Осы жылдар ішінде акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, құқықтық кеңеске жүгінген 165 000-нан астам адамға көмек берді.
Еліміздің барлық қалалары мен елді мекендерінде бір уақытта өткізілетін республикалық акцияның әлемде баламасы жоқ.
Жетісу облысында өтетін орындар
Жансүгіров ауылы: Ақсу аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залы, Желтоқсан көшесі, 5Д.
Үшарал қаласы: «AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалы, Д.Қонаев көшесі, 74Б.
Қарабұлақ ауылы: Ескелді ауданы Сервистік әкімдігі, Оразбеков көшесі, 31, 1-қабат.
Үштөбе қаласы: Қаратал аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Абылайхан көшесі, 22, 1-қабат.
Сарыөзек ауылы: «Сервистік әкімдік», Б. Момышұлы көшесі, 12, 1-қабат.
Балпық би ауылы: Көксу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Балпық би көшесі, 10В, 1-қабат.
Жаркент қаласы: Панфилов аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Головацкий көшесі, 51Б, 1-қабат.
Сарқан қаласы: Сарқан аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Жамбыл Жабаев көшесі, 44, 1-қабат.
Талдықорған қаласы: «Жетісу Атамекен» облыстық Кәсіпкерлер Палатасы, Бірлік шағынауданы 2а.
Текелі қаласы: Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Jetisu Jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы, Абылайхан көшесі 29 Г.
Басталуы 2024 жылғы 30 мамыр күні сағат 16.00.
Кіру тегін!
Фотосурет: Karolina Grabowska





