Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қалың мал мәһрдің орнына жүре ме: ҚМДБ нақты жауап берді

24 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
Қалың мал мәһрдің орнына жүре ме: ҚМДБ нақты жауап берді
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қоғамда қызу талқыға түскен қалың мал мен мәһр мәселесіне қатысты ресми түсініктеме берді. Ғұламалар кеңесінің шешіміне сәйкес, күйеу жігіт тарапынан берілген қалың мал болашақ келіннің өз еркімен келісім беруі шартымен мәһр ретінде есептеле алады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Дәстүр мен шариғаттың айырмашылығы

Қоғамда «қалың мал берілсе, мәһр сұрамауға бола ма?» деген сауал жиі туындайды. Осыған орай діни басқарма екі ұғымның аражігін ажыратып көрсетті:

  • Қалың мал – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрі. Жігіт жағы қыздың ата-анасына мал-мүлік немесе қаржы берсе, қыз тарапы оның қарымтасы ретінде жас жұбайлардың тұрмысына қажетті жасауын дайындайды.

  • Мәһр – шариғат бойынша неке қию кезінде күйеу жігіттің қалыңдыққа беруге міндетті сыйы. Ол тек әйелдің жеке меншігі болып саналады.

Қандай жағдайда қалың мал мәһр ретінде қабылданады?

Нұрсұлтан мешітінің наиб имамы Жандос Айтбайдың айтуынша, некенің дұрыс болуы үшін мәһрдің берілуі міндетті, ал қалың мал ұлттық салт болғандықтан неке шартына кірмейді. Дегенмен бұл екі ұғымды бір арнаға тоғыстыруға болады:

«Егер некеде мәһр берілмесе, неке дұрыс болмайды. Ал қалың мал берілмесе, неке дұрыс болып саналады. Егер жігіттің қалың мал ретінде беріп жатқан дүниесін қыз «Мен осыны мәһр ретінде қабылдадым, менің мәһрім осы болсын» десе, онда қалың мал мәһрдің орнына жүреді», – деді имам.

Егер қалыңдық бұл шартқа келіспесе, күйеу жігіт мәһрді бөлек беруге міндетті.

Ескеретін маңызды жайттар

Діни басқарма өкілдері мәһрді неке қию сәтінде, оған дейін немесе кейін де беруге болатынын еске салды. Бұл ретте екі тараптың өзара келісімі шешуші рөл атқарады. Ал қалың мал беру дәстүрі жоқ өңірлерде неке қию рәсімі кезінде мәһр мәселесі міндетті түрде назарға алынуы тиіс.

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

25 қараша 2026
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.