Талдықорған: -1°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ӘЛЕМІ ӘДЕМІ ӘЛИ АҒА

28.05.2024
ЖАНСАРАЙ
ӘЛЕМІ ӘДЕМІ ӘЛИ АҒА
WhatsAppTelegramFacebook

Шыңға біткен шынардай талант та адам баласына талғаммен қонады. Өмірдің әсерлі шағын әдебиетке олжа етіп, жалынды жыр жазып, прозалық шығармаларды бұрқырата бедерлеген Әли Ысқабайдың таланты тұрғысында ұзын сонар толғамға баруға болады.


Бүгінге дейін салалы саусағынан қаламын тастамаған бекзат болмысты ақын, жазушы, ел мақтанышының еселі еңбегі 85 жылдық даңғылға ұласыпты.

Сол 85 жылдық ғұмыр сүрдегі ғасырға ұлассын деген тілекті де қасиетті кітапханада естудің мәні зор секілді. Айналасында рухани достары, қаламдастары мен ізгілікті із еткен інілері отырып, ағжайық көңілдің ақжал толқынын сөзбен тулатқанда оқырман есебінде екіленіп, тебіреніп кетеді екенсің.

Иә, сонау 1939 жылдың мамырында Балқаш ауданына қарасты Құйған деп аталатын қоңыр тірліктің иісі аңқыған берекелі ауылда өмір есігін ашқан Әли Әпекұлының балалық шағы соғыс жылдарына тұспа-тұс келген.  Атасы Ысқабай мен анасы Аршынбикенің бірінен кейін бірі өмірден озуы қаламгерді жастай жетім етті. Әжесі Дәріштің тәрбиесінде өсті. Арманшыл жүрек алға жетеледі. Содан бүгінге дейін серік еткен қаламының ұшынан ой тамдырды. Ойлы шығарма төгілдірді. Осылайша жиырмадан астам кітаптарды оқырманға олжа етті. Абырой биігінен көрінді. Елдің ақыны, ардақты жазушысы атанды.

Ел алқалаған Әли Ысқабайдың 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Еліне елеулі тұлға» атты кездесу кешінде аталған деректің бәрі айшықталды. Жан тебірентер тілектер төгілді. Сәулелі ғұмырдың сәруар сәттерінен естеліктер айтылды. 

Ақын, ҚР мәдениет қайраткері Жұматай Оспанұлы тізгіндеген рухани шарада жетісулық тұғырлы тұлғалар Әміре Әрін, Нүсіпбай Әбдірахым, Жұмабала Балақаранова, Болат Бисұлтанұлы, Кенжехан Рақыш, Мұрат Халық, Мұратхан Егінбаев қонақ болып, әлемі мөлдір Әли Әпекұлы туралы лебіздерін жаудырды. Азаматтығын, абзал қасиеттерін айшықтады. Ақындығы мен жазушылығына тоқталды. 

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақ журналистикасының қайраткері Әли Ысқабайдың жалынды жырларын №7 орта мектеп оқушылары мәнерледі. Журналистика саласының жампозы бола білген кеш кейіпкерінің сөзіне жазылған әндер әуеледі. Ақынның әсем әндерін Д. Рақышев атындағы филармония директорының орынбасары Қанат Түндебаев пен жетісулық жезтаңдай Элмира Дәуренбекова шырқады.

Әсері бөлек әңгіме айтылып, естеліктер айшықталған, ән мен жыр жан тебіренткен шара барысында облыстық С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың директоры Самал Шаяхметова ақын иығына шапан жауып, ізгі тілегін арнады.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026
Қызылша өршіп тұр: Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл шараларды қолға алды

Қызылша өршіп тұр: Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл шараларды қолға алды

05.02.2026
Ақ түтек борандағы апат: Полицейлері алты адамды ажалдан арашалап қалды

Ақ түтек борандағы апат: Полицейлері алты адамды ажалдан арашалап қалды

05.02.2026
Жастар таңдауы: Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі

Жастар таңдауы: Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі

05.02.2026
Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

Үшарал – Достық тас жолында қозғалыс шектелді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.