Талдықорған: +11°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Дүйсембаев Рүстем Төреханұлы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Дүйсембаев Рүстем Төреханұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына № 6 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат ДҮЙСЕМБАЕВ РҮСТЕМ ТӨРЕХАНҰЛЫ

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Дүйсембаев Рүстем Төреханұлы, білім алып, кәсіби тұрғыда қалыптасу жолында үнемі ізденіске және дамуға мән бердім.

Еңбек жолымды мейрамхана бизнесінен бастап, уақыт өте келе кәсіпкерлік қызметімді кеңейтіп, өңірдің қоғамдық және әлеуметтік өміріне белсенді араласа бастадым. Жетісу облысы мейрамхана иелері қауымдастығын құрып, оның төрағасы ретінде салалық кәсіпкерлікті дамытуға, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауға және ортақ бастамаларды жүзеге асыруға атсалыстым.

Қазіргі уақытта «Green Pub» және «Green House» орындарының, «Sunrise Hotel» қонақүйінің иесімін. Сонымен қатар «Алтын Адам», «Мадирус» мейрамханаларының және «Red Dragon» франшизасының құрылтайшысымын. Кәсіпкерлік қызметімде жаңа жұмыс орындарын ашуға, қызмет көрсету саласын дамытуға және жергілікті экономиканың өсуіне үлес қосуға басымдық беремін.

Мен үшін кәсіпкерліктің мәні тек бизнес жүргізумен шектелмейді. Оның қоғам алдындағы жауапкершілігі де маңызды. Осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, жетім балаларға, ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар балаларға және қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуді басты назарға алып келемін.

Сайлауалды бағдарламам «ӘДІЛЕТ» партиясының құндылықтарына негізделген. Негізгі басымдықтарым – шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету және жергілікті басқарудың ашықтығын арттыру.

Депутаттық қызмет аясында тұрғындардың өзекті мәселелерін көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға және халық алдында есеп беруге басымдық беремін.

Мен үшін басты мақсат – кәсіпкерлік әлеуеті жоғары, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, әрбір тұрғынның мүддесі ескерілетін және адамдар бір-біріне қолдау көрсететін Талдықорғанның дамуына нақты үлес қосу.

Құрметпен Рүстем Дүйсембаев

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Өз сайлау округімдегі жөндеуді қажет ететін көшелер мен жол учаскелерінің мәселесін көтеріп, оларды жөндеу жұмыстарының жоспарға енгізілуіне ықпал етемін. Жаяу жүргіншілер жолдарын, тротуарларды, балалар жүретін бағыттарды және жол белгілерін ретке келтіру мәселесін тұрақты бақылауда ұстаймын.

Еңбек етіп, елді көркейтейік!

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Су, жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, инженерлік желілерді кезең-кезеңімен жаңғыртуға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға басымдық беремін. Тұрғындарды сапалы ауызсумен, үздіксіз жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты назарда ұстап, туындаған мәселелердің уақытылы шешілуін жауапты мекемелер арқылы бақылауда ұстаймын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

Шағын және орта бизнес өкілдерінің өтініштерін тыңдап, кәсіпкерлікке кедергі келтіретін жергілікті мәселелердің шешілуіне ықпал етемін. Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген қаржыландыру және гранттар туралы ақпаратқа қолжетімділігін арттыру бастамаларын қолдаймын.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫ

Жұмыссыз азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеремін.  Жастарды, жұмыс іздеп жүрген азаматтарды және әлеуметтік осал топтарды кәсіптік оқыту мен сұранысқа ие мамандықтарға даярлау бастамаларын қолдаймын..

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

 Округ тұрғындарының медициналық қызмет алу кезінде кездесетін мәселелерін зерделеп, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар енгіземін. Емханалардағы дәрігер тапшылығы, мамандарға жазылу және медициналық қызметті күту мәселелерін жауапты органдармен бірлесіп қарастырамын.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҒДАЙ

Округтегі балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесін көтеріп, мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы, оқу ғимараттарының жағдайы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін депутаттық бақылауға аламын.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Әлеуметтік осал отбасылардың, көпбалалы отбасылардың, қарттардың және мүгедектігі бар адамдардың өтініштерін қарастырып, тиісті қолдау шараларын алуына ықпал етемін. Мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз жүріп-тұруы үшін тротуарларды, пандустарды, аялдамаларды және қоғамдық нысандарды бейімдеу мәселелерін көтеремін.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

 Округ тұрғындарының сапалы интернетке қолжетімділігін арттыру және байланыс сапасы төмен аумақтардағы мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгіземін. Мемлекеттік және коммуналдық қызметтерді электрондық форматта алу жолдарын түсіндіруге, әсіресе қарттар мен цифрлық дағдылары жеткіліксіз азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған бастамаларды қолдаймын.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚАЛА

Округ аумағындағы санитарлық тазалықты, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруды және қоқыс алаңдарының жағдайын тұрақты бақылауда ұстаймын. Аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңарту, орындықтар орнату және қоғамдық кеңістіктерді жақсарту жөніндегі тұрғындардың ұсыныстарын тиісті органдарға жеткіземін.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен Талдықорғанда туып-өстім, бизнесімді осында құрдым және болашағымды осы қаламен байланыстырамын.

Әр шағынауданға назар қажет, әр отбасы жайлы өмір сүруге лайық екенін түсінемін. Сапалы жол, әлеуметтік қызмет, жұмыс орындары мен жастарға мүмкіндік – уәде емес, нәтиже болуы тиіс.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес, бірақ тұрақты еңбек етіп, адамдарды тыңдасақ, көп нәрсені өзгертуге болады. Депутат ретінде тұрғындар мүддесін қорғап, міндеттемемді іспен бекітемін.

Мен 32 жастамын. Туған қаламның игілігі үшін еңбектенуге күшім де, ынтам да жеткілікті. Сеніміңізді ақтаймын.

Бірге қаламыздың мақтан тұтарлық болашағын жасайық! Қолдауларыңызға рахмет!

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Адал еңбек, кәсіпкерлікті қолдау, жастарға мүмкіндік беру және мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету – менің басты ұстанымдарым.

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына әрдайым ашықпын. Әрбір пікірге құлақ асып, көтерілген мәселелерді мұқият зерделеуге және олардың шешілуіне ықпал етуге дайынмын.

Мен үшін әрбір тұрғынның пікірі маңызды, ал сенімге жауап беру – басты міндет.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

Тапсырыс беруші: Дүйсембаев Рүстем Төреханұлы
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ирмекеев Нұрлыхан Аяджанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ирмекеев Нұрлыхан Аяджанұлы

Бүгін, 16:23
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мергенбаев Сайлау Жолдасбайұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мергенбаев Сайлау Жолдасбайұлы

Бүгін, 16:19
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Амангелді Ерасыл Әділұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Амангелді Ерасыл Әділұлы

Бүгін, 16:11
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Баймұханов Бауыржан Уразамбайұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Баймұханов Бауыржан Уразамбайұлы

Бүгін, 16:02
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Бүгін, 15:57

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.