Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мергенбаев Сайлау Жолдасбайұлы

Бүгін, 16:19
Мәслихаттар сайлауы
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мергенбаев Сайлау Жолдасбайұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат МЕРГЕНБАЕВ САЙЛАУ ЖОЛДАСБАЙҰЛЫ

№8 сайлау округі

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданымыздың басты байлығы – оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.

Әрбір елді мекен назарға лайық, әрбір отбасы қолайлы өмір сүруге құқылы. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастарға мүмкіндіктер құр уәде емес, шындыққа айналуы тиіс.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім шеңберінде оларды кезең-кезеңімен шешуге, мүдделеріңізді қорғауға және нақты нәтижеге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әр міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.

Бірге ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас. Еңбекті құрметтеу, сөз бен іске жауапкершілік. Ашықтық және халық мүддесін қорғауға дайын болу.

Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әр адамды тыңдап, толғандырған мәселелерін зерделеуге және шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Мергенбаев Сайлау Жолдасбайұлы, 1980 жылғы 23 ақпанда Алматы облысы, Ақсу ауданы Суықсай ауылында дүниеге келдім.

1998 жылы Талдықорған қаласында фермер мамандығы бойынша даярлау курсын аяқтадым. Қазіргі таңда Жетісу облысы, Ақсу ауданы Суықсай ауылында тұрамын, Еңбек жолымды ауыл шаруашылығы саласынан бастап, осы бағытта мол тәжірибе жинақтадым. Бүгінде «Сұңқар» шаруа қожалығының басшысы болып еңбек етемін. Шаруашылықты басқару,өндірісті ұйымдастыру және ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жүргізіп келемін.

Ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен жұмыс істеу арқылы ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, жолдардың сапасы, көшелерді жарықтандыру, тазалықты сақтау және тұрғындардың өтініштеріне уақытылы назар аударудың маңыздылығын түсіндім.

Туған ауылымның дамуы мен үшін ерекше маңызды. Әрбір ауылда сапалы жол, жарық көшелер, таза әрі абаттандырылған аула, ауызсу және тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайлары болуы тиіс. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және ауылдың өркендеуіне үлес қосу – басты мақсаттарымның бірі.

Менің сайлауалды бағдарламам «ӘДІЛЕТ» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Негізгі назарымды ауыл шаруашылығын дамытуға, ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға, жолдарды жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға аударамын.

Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындарды толғандырған мәселелерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуге, атқарылған жұмыстардың нәтижесін бақылауға және халық алдында есеп беруге күш саламын.

Менің басты мақсатым – туған ауылымның көркеюіне үлес қосу, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру және ауылдың тұрақты дамуына ықпал ету.

Құрметпен, Мергенбаев Сайлау

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ – ӘР ОТБАСЫНЫҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ ҮШІН!

Жергілікті кәсіпкерлерді аудандық жобаларға тарту, кәсіп бастаған азаматтарға құжат рәсімдеу және рұқсат алу мәселелері бойынша тәжірибелік көмек көрсету.

2. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

2026-2030 жылдарға жоспарланған инвестициялық 25 жобаның жүзеге асуына ықпал ету және осы жобалар аясында жаңа жұмыс орнының құрылуын бақылау. Жергілікті тұрғындарды, әсіресе жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға және ауылдық жерлерде жаңа өндіріс орындарының ашылуына жәрдемдесу.

3. ШАРУАҒА ҚОЛДАУ – АУЫЛҒА ҚОЛДАУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге. 2027 жылға арналған жол картасына сәйкес, Арасан ауылында ветеринарлық қауіпсіздік үшін биотермиялық шұңқыр салу мәселесін қадағалау. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығы техникасы мен суару жүйелерін жаңартуға, өнімді сақтау және өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсету.

4. БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН ҚОЛДАУ

Арасан ауылына қарасты мектепке 2027 жылы ағымды жөндеу жұмыстарына қаражат бөлуге ықпал етемін. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелері бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар жолдау. Балалардың сапалы білім алуына және қауіпсіз ортада оқуына қолайлы жағдай жасау мәселелерін тұрақты назарда ұстау.

5. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

Арасан ауылы, Суықсай ауылындағы балалар спорт алаңына ағымдағы жөндеу жүргізуге, сондай ақ жол картасына сәйкес Суықсай ауылында блокты-модульдік мәдениет үйін салуға ықпал ету. Балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына, мәдени демалысын тиімді ұйымдастыруына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасауға ықпал ету.

6. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

Ауылы тұрғындарының тұрғын үй мәселесін шешуге, баспанаға мұқтаж азаматтарды мемлекеттік бағдарламалары аясында тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал ету. Тұрғын үй кезегінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға, жастарға қолдау көрсету мәселелерін тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеру. Сонымен қатар, ауылда тұрғын үй құрылысын дамытуға және жер учаскелерін беру мәселелерінің заңнамаға сәйкес шешілуіне ықпал ету.

7. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Ақсу ауданының 2026-2031 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, Суықсай ауылында көше жарықтандыру желісін тартуға, тұрғын үйлерді газдандыру жұмыстарын аяқтауға, ауылішілік жолдарды асфальттау, қиыршық тас төсеу және тегістеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету.

8. АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ақсу ауданның елді мекеннің орталықтандырылған ауызсу жүйелерінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуін бақылауда ұстау. Тозығы жеткен су құбырларын жөндеу және жаңарту, ауызсудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету, тұрғындардың сумен жабдықтауға қатысты мәселелерін уақтылы шешуге ықпал ету.

9. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА.

Ауылдық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, дәрігерлер мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы медицина мамандарын тартуды қолдау.

10. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ.

Ақсу ауданының ауылдық округтері мен шалғай елді мекендерінде ұялы байланыс сапасын жақсартуға және интернеттің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!

Тапсырыс беруші: Мергенбаев Сайлау Жолдасбайұлы

Қаражат кандидаттың Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Қатысты жаңалықтар

Ел қамбасы 24,5 млн тонна астыққа толды: Президент ауқымды құрылыс пен диқандар еңбегін атап өтті

Ел қамбасы 24,5 млн тонна астыққа толды: Президент ауқымды құрылыс пен диқандар еңбегін атап өтті

Бүгін, 17:20
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Даутбаева Салтанат Ғапбасқызы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Даутбаева Салтанат Ғапбасқызы

Бүгін, 17:17
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Шындәулет Мағжан Мақсатұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Шындәулет Мағжан Мақсатұлы

Бүгін, 17:12
Аграрлық саладағы ұсыныстар Үкімет назарында болуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Аграрлық саладағы ұсыныстар Үкімет назарында болуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 17:10
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрахметов Мадияр Бекқайырұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрахметов Мадияр Бекқайырұлы

Бүгін, 17:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.