Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БЕЙСЕН ЖАЗҒАН СЦЕНАРИЙ

23.04.2024
ЖАНСАРАЙ
БЕЙСЕН ЖАЗҒАН СЦЕНАРИЙ
WhatsAppTelegramFacebook

…Оқиға желісін бірден желдірте баяндайыншы. Талапшыл бойжеткен үлкен шаһардың бір мектебінде еңбек етеді. Маңдай терін шүмектете жүріп жас өскіндерге білім беріп, өзіндік тәсіл арқылы олардың арманын ұштайды, талабын шыңдайды. Өзі ұстаздық ететін қала мектебіндегі 11-сынып оқушыларына сынып жетекшісі болған ол аз уақытта білім көкжиегінің жұлдызындай айналасын шуаққа көміп, түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болады.


Адам талпынған, талаптанған шақта оның жолында үлкен сын-сынақтың болатыны табиғи дүние ғой. «Ұстаздық еткен жалықпас  үйретуден балаға» деп Абай айтқандай, ұлағат жолында жас та болса жарқырай көрінген бойжеткеннің ауылдағы анасының сырқаты дендейді. Шарасыз шешей қызына қоңырау шалады. Өзін қарайтын, қарайласатын адамға мұқтаж екенін айтады. Тірлік деген таразының бір басында асқақ арманы, екінші басында анасы тұрған жас мұғалім амалсыз ауылға қайтады. Себебі түсінікті! Ана деген аяулы жаннан қымбат ештеңе жоқ, тірісінде қызмет көрсету, перзенттік борышын өтеу ләзім.

Ауыл, қала болсын, ұстаздың алдынан көп кедергі ұшырасуы да заңдылық іспетті дүние. Анасының қамымен өзі оқыған мектепке, туған ауылына келген бойжеткен жұмысқа орналаса алмай қиналады. Жұмысқа орналасқаннан соң тағы да кедергілерге ұшырайды. Қандай? Ауылында жоғары сынып оқушыларына ұстаздар мен ата-аналар көңіл бөлмейді, тіпті ертеңгі күні нұрлы болатынына сенбейді. ҰБТ тапсыруға, жоғары оқу орнына түсуге кейбір ата-ана түбегейлі қарсы. Өйткені қорасындағы малын бағатын, атакәсібін жалғастыратын перзентін қиянға жіберіп қарап отырғысы келмейді. Баласының тезірек шаруаны дөңгелентіп, үйленіп аяқтанғаны тиімді. Тестілеуден өтудің өзі олар үшін алынбас қамал секілді. Осынау қораш ойды қуаттаған ата-аналар, ұстаздар, тіпті оқушылар да мұндай болымсыз дүниеге бәтуа қылысқандай. 

Міне, бұл жайт сырттан келген жас ұстазға түрпідей тиеді. Жаны ауырады. «Білімдінің бағы үстем болған заманда ауыл халқы мен ұстаздар бала болашағына неге қиянат жасайды? Білім алып, кәсіп игеруіне бөгет болып, өзінің кәкір-шүкір тірлігіне икемдегені несі?». Осындай сан сауал шырмауында қалған ұстаз бірден 11-сыныпқа жетекшілік етіп, оларға кең әлемнің кереметін паш етеді. Қала көрген, оқу оқыған адамның көзі ашық, өрелі, арман-мақсаты мығым жан болып қалыптасатынын ұғындырады. Әрбір оқушыны талаптандырады. Тіпті, «Алтын белгіге» үміткер болған директордың қызын да өз тәсілімен (метод) үйрете бастайды. Осылайша қоламтаның көзін ашқан ұстаз ата-аналар мен әріптестерінің наразылығына ұшырайды. Басбұзар, тәртібі нашар, жаман әдеттермен әуестенетін оқушыларды адам санатына қосуға талпынғанына қарсыласады. «Ашық келген дұшпаннан, аңдысып қалған дос жаман» деген ойды іштей қуаттаған жас маман ақырында бәріне өз ісінің дұрыс екенін дәлелдейді. Жастарды білімге талпындырып, бойкүйездік, немқұрайдылықтан ада етеді, зиянды заттың өмірге қаншалықты қауіпті екенін ұғындырады. Тәрбие мен тәлімді, білімді қатар сіңіреді. Жылдар бойғы жемісін бермей келе жатқан үрдісті жаңашылдықтың арқасында бір сәтте басқа арнаға бұрады. Оқушылар білімге құлшынады.

Мен бұл оқиғаны кино ретінде түсірудемін. Мұның сценарийін марқұм Бейсен Құранбек ағамыз үйдегі жеңгеймен бірлесе жазып шыққан. Бейсен аға көпті көрген, түрлі тағдырға куә болған майталман журналист қой. Кезінде «Айтуға оңай» бағдарламасын жүргізіп жүргенде бір-бірін көрместей болған, дастарқан басында отырмастай күйге жеткен туған бауырларға отбасы құндылығын, тату тірлікті үндеді. «Бір-біріне қарайласпақ тұрмақ, хал сұрасар тату әулет жоқ қазір» деген әлгілерге Күреңбелдің бір бұрышындағы 9 ағайынды азаматты шақыртып, үлгі еткен. Сол секілді бұл фильмнің сюжеті де нағыз өмірден алынып отыр. Ашық айтпасақ та, кейбір ауылдық мектепте оқушыны ҰБТ-ға жібермей, сенімді ақтай алмайсың деген сылтаумен сырғақтатар жайттарды білеміз. Мұның бәрін зерделеген Бейсен аға Гүлмира жеңгемізбен жақсы дүние жазып шыққан. Қазіргі таңда фильмді түсіру үстіндеміз. Алдағы уақытта атауын бірлесе ойластырып қоятын боламыз. Көрермен сүйіп көретін, сабақ алатын туынды болады деген үміттемін.

Ерлан ҰШАҚБАЕВ,
кинорежиссер
 

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.