РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб—пәтерінің жаңартылған мәліметтері бойынша «Крокус сити холлдағы» теракт салдарынан құрбан болғандар саны 152—ге жетті, деп жазады ТАСС.
«Лаңкестік әрекет салдарынан 285 адам (оның ішінде 8 бала) зардап шекті, оның ішінде 133 адам (оның ішінде 3 бала) қаза тапты», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам құрбан болғанын хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.
Фото: ТАСС





