Жетісу облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Оқиға Талдықорғандағы «Қаратал» шағын ауданында болған.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірімнің алаңда жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, қақпа мүлде бекітілмеген.
Әзірге зардап шеккен баланың жағдайы қандай екені белгісіз.
Фото: видеодан алынған кадр





