Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

8 қараша 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында 1999 жылы салынған Жайпақ станциясының теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді. Жөндеу барысында ғимараттың ішкі бөлмелері мен инженерлік желілері жаңартылып, жолаушылар перроны абаттандырылды. Жоба еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

ҚТЖ-ның ресми мәліметіне сәйкес, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бір қабатты ғимараттың ауданы 105,75 шаршы метрді құрады. Бұған дейін вокзалдың ауданы 96,6 шаршы метр болған.

Жаңғырту барысында вокзалдың ішкі бөлмелері, қабырғалары мен төбелері жаңартылып, сумен жабдықтау, кәріз және электр желілері ауыстырылды. Ғимараттың сыртқы келбеті де өзгерді. Қасбеті сәндік сылақпен әрленіп, іргетасының сыртқы бөлігі гранитпен қапталды. Еденге керамогранит төселді.

Жолаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруға да басымдық берілген. Вокзал аумағында қосымша эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес есіктер орнатылды. Сонымен қатар перрон мен оған іргелес аумақ абаттандырылып, бордюрлер қойылып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға төсемтас төселді. Құрылыс кезінде отандық өндірістің материалдары пайдаланылды.

Жайпақ станциясының вокзалы III санатқа жатады. ҚТЖ мәліметінше, станция арқылы Ақтоғай мен Достық арасындағы қатынасты қамтамасыз ететін екі жолаушылар пойызы өтеді. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен алты адамды құрайды.

Вокзалды жаңғырту жобасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Жобаға Үкімет, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және Жетісу облысының әкімдігі қолдау көрсеткен.

Теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы жолаушылар инфрақұрылымын жақсартуға, қауіпсіздік талаптарын күшейтуге және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Жайпақ станциясындағы жұмыстар да осы мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34
Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Бүгін, 13:00
Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Бүгін, 12:30
Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Бүгін, 12:03
Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін, 11:54

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.