Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алтын мен күмістің тілін тапқан

09.03.2024
КҮНДЕРЕК
Алтын мен күмістің тілін тапқан
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркент өңіріндегі Көктал кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Әсем Ақынова зергерлік бұйымдар жасаумен айналысқалы 10 жылдан асты. Бүгінде этностильде жеке брендін қалыптастырып, алтын мен күмістен көмкерген сырға, жүзік, алқа-білезік сияқты зергерлік бұйымдар жасап жүр. Бұйымдарын интернет сауда желісі арқылы өткізеді.

Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін бітірген шебер зергерлікке қызығушылықпен келіпті.

– Алғаш оқу орнына тоқыма мамандығы бойынша қабылдандым. Үшінші курсқа ауысатын кезде зергерлік өнеріне қызығып, сол салада жетекшілік ететін ұстазыма қалауымды айттым. Ол кісі маған сынап көру үшін бір жұмыс беріп, оны сәтті жасап шыққан соң бірден металл өңдейтін бөлімге ауыстырды. «Металлды көркемдеп өңдеу» мамандығын бакалавр дәрежесімен бітірдім, – деген кәсіпкер жұмысын үй жағдайында жалғастырып отырғанын тілге тиек етті.
Алматыда жүріп бастаған кәсібі көптің көңілінен шығып, «EXPO – 2017» халықаралық сауда көрмесіне қатысқан Әсемнің зергерлік жұмысына шетелдік қонақтар ерекше қызығыпты.

– Ұлттық нақышта алтын мен күмістен өрнектеп жасаған бұйымдарға сұраныс көп. Қажымас еңбек пен көз майды талап ететін жұмысты сапалы аяқтап, тапсырыс берушінің көңілінен шығуға талпынамын. Қазір бір жағынан бала бағып,  арасында жұмысты үйде жалғастырудамын. Бастысы, отбасым, жолдасым қолдау көрсетіп, жұмысыма түсіністікпен қарайды. Ниет етіп, қызығушылық болса, кез келген арманды жүзеге асыруға болады, – дейді ол.
2022 жылы мемлекеттік «Қолдау» бағдарламасы арқылы Үкіметтен  алған 5 млн. теңге грантқа зергерлік бұйымдар жасауға қажетті құрал-жабдықтар алып, үйдегі шеберханасында бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, жеке зергерлік дүкен ашпақшы. Жалпы зергерлік бұйымдар жасауға қосымша лазерлік, тағы басқа аппараттар алу арқылы шеберханасын кеңітіп, онда қолының икемі, көңілінің ынтасы бар бірнеше адамға жұмыс бермек.

– Осыған дейін «3D» аппаратымен сақина жасап келдім. Бірақ бұл жұмысым көңілімнен шықпады. Сондықтан қолмен қарекет жасап әр деталь, ою-өрнегін безендірсем, істеген ісім сапалы болатынына сенімдімін. Зергерлік бұйымдарды сатып алушылардың көбісі осындай шынайы жасалған заттарға қызығады, – дейді алтын мен күмістің тілін тапқан кәсіпкер келіншек.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Бір ой – екі дереккөз

Бір ой – екі дереккөз

02.08.2026
Ертеңнен үмітіміз зор

Ертеңнен үмітіміз зор

01.08.2026
Омарташы

Омарташы

01.08.2026
Көл жағалауындағы қауіпсіздік

Көл жағалауындағы қауіпсіздік

01.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ауыл жағдайы айтылса

01.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.