Талдықорған: +17°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда газтурбиналық станция салынады

8 ақпан 2024
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда газтурбиналық станция салынады
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында электр және жылу энергиясын өндіруді ұлғайту мақсатында газтурбиналық станция салу жоспарланып отыр. Оған жеке инвестор 37 млрд. теңге қаражатын салмақшы. Бүгін осы мәселеге қатысты Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов инвестор компанияның өкілдерімен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Әсет Қанағатов елімізде, соның ішінде Жетісу өңірінде экономиканың елеулі дамуының нәтижесінде электр және жылу энергиясына деген қажеттілік өсіп келе жатқанын атап өтті. Соған байланысты «Басқуат Энерго» ЖШС ұсынған бұл маңызды жоба облыс әкімдігі тарапынан қолдау тапқан. Жоба жайлы кеңінен таныстыру үшін облыс әкімінің орынбасары алғашқы сөзді «Басқуат Энерго» ЖШС директоры Арман Отарбаевқа берді. 

Серіктестік басшысының айтуынша, Талдықорғанда газтурбиналық станция салу межеленген. Жоба үш кезеңнен тұрады, яғни 2024-2025 жылдары іске асырылмақ.

— Құрылысқа қажетті жер учаскесі бар, қазір геологиялық-геодезиялық жұмыстар жүргізілуде, зерттеу жұмыстары аяқталған соң наурыз айының басында бірінші кезеңнің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Осы жылдың мамыр-қазан айларында жобаның алғашқы кезеңі аяқталуға тиіс. Ал маусым-қазан айларында екінші кезеңнің құрылысын да қоса жүргізетін боламыз. 2024-2025 жылғы жылыту маусымына үлгеріп, бастапқы меже — 25 Гкал жылу энергиясын өндіруге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Жоба 2025 жылдың қазан айына дейін толық аяқталады деп жоспарланған, — деді А.  Отарбаев.

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов өз сөзінде осы жобаға байланысты әкімдікте бірнеше отырыс өткізілгенін, соның нәтижесінде құрылысқа қажетті жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесінің оң шешілгенін, «Басқуат Энерго» ЖШС-ның «Басқуат» бас қазандығымен өзара бірігіп жұмыс істеу туралы келісімдері жасалғаны туралы қысқаша баяндады. Сол сияқты облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев «Басқуат Энерго» ЖШС-ның жобасына және Текелі қаласы мен Ескелді ауданының табиғи газға қажеттілігін тиісті көлемде қамтамасыз ету үшін «Талдықорған» АГРС-інің қуатын 200 000 нм3/сағат жеткізу қажеттігі туындайтындықтан, аталған АГРС-ке жаңғырту жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Жалпы экономиканың, соның ішінде өндіріс пен құрылыс сияқты негізгі салалардың қарқынды өсуіне байланысты энергияға деген сұраныстың артуы, энергетика нысандарындағы жабдықтардың тозуы, резервтік сыйымдылық қорының шектеулілігі бұл салаға едәуір көлемде инвестиция салуды қажет етіп отырғандықтан, газтурбиналық станция салу жобасының Жетісу өңірі үшін маңызы зор. Атап өтсек, «Басқуат Энерго» ЖШС жаңа нысан салу барысында 3 газ-поршенді турбина, екі газ турбинасын, 4 кәдеге жаратушы қазандық орнатады. Жобаны іске асыру негізінде жалпы көлемі 80 МВт электр энергиясын, 100 Гкал жылу энергиясын өндіру көзделген. Бұл өз кезегінде Талдықорғанды жылу энергиясымен қамтып отырған «Басқуат» қазандығының қолданыстағы жылу беру жүйесінің қуатын арттыруға үлкен ықпал етпек. Жобаның құны — 37 млрд. теңге.

Суретті түсірген Руслан Кадыров

Қатысты жаңалықтар

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.