Жоңғарлар туралы не білесіз? Тура сұраққа тура жауап дайын. ХІІІ ғасырда пайда болып, 1756 жылы толықтай мемлекеттігінен айырылып, сол уақтағы 600 мың халқынан 30-40 мыңдай адамы аман қалғаны мен көршілес елдерге сіңіп жоғалған ұлт. Тарихи дерек осылай дейді. Бірақ, тұтас жойылып кетпеп ті, ағайын. Сол 30-40 мың жоңғардың тұқымы әлі де жүр. Қазақтың тарихында қанқұйлы шайқасымен, ақтаңдақ ізімен қалған ұлттың бедері әлі арамызда бар. Жоңғардың аты өшкенмен заты өшпепті. Сен бейсіз бе? Сенуіңізге тура келеді.Өйткені Талды қорған қаласында Жоңғар көшесі, көшесі болғанда тұйығы бар. Демек, сол жоңғардың атын өшірмеуге құмарлар әлі жүр деген сөз.
Облыс орталығында ойып тұрып орын алған Жоңғар тұйығы Біржан сал көшесімен қиылысып жатыр. Білмегенге бағдар болсын. Аталмыш көшеге атау сонау 2009 жылы беріліпті. Талдықорған қа лалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Сандуғаш Ырысбаеваның сөзіне сүйенсек, сол уақытта ақын мен батырдан бөлек белгілі, белгісіз адамдарға да көше беру қалыпты жағдайға айналған. Нақты айтқанда «Тоқпағы мықты киіз қазықты жерге қағадының» кері. «Ақысын берсе, боқысын шығарудың» нақ өзі орын алған сәт. Сол уақытта Жоңғар тұйығы да пайда болған. Кім және не үшін бергенін бөлім маманы нақты айта алмады. Ұлттың төл әдебиетінде үздік он классик жазушының сапындағы Сайын Мұратбе ковке жөнді құрмет көрсете алмаған Талдықорған қаласында жоңғар лардың атын өшірмей, әлі күнге дәріптеу кімге керек?! Мақұл, жуыр да Сайын Мұратбековтің атын мектепке бердік деп қалалық әкімдік құтылатын болар. Күллі қазақтың баласын ертегіші Аянға еліттірген, тағдырға мойымауды үйреткен, әңгімесімен қанаттандырған Сайын Мұратбековке 10 көшенің атауын берсе де айыбы жоқ. Өйткені, ол – Жетісудың қарымды қаламгері, қазақтың маңдайға біткен жалғыз түйір Сайыны! Жалпы,
Көше – шежіре бастауы.
Көше – тарихи сананы жаңғырту амалы.
Көше – ұрпақ тәрбиелеудің тәсілі.
Себебі, барлық мән атауында!
Себебі, барлық мән атауында! Бірақ, Талдықорған үшін бұл маңызды емес сықылды. Неге дейсіз тағы да? Бұл қазақ өткені мен бүгінін, бүгіні мен келешегін байланыстырып өмір сүретін халық. Ахметше айтқанда «Біздің за манымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы» дегенді санадан шығармайтын ел. Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоғын жа дында ұстаған ұлт. Өткенімізге зер салайық, «Қаратаудың басынан көш келедіні» зар илетіп сарнатқан «Ақтабан шұбырындыны» қазақ басына орнатқан осы жоңғар. Қазақтың даласын қан қақсатып, қызын күң, ұлын құл еткен де осы жоңғар. Бірақ, қалалық әкімдіктегілер сол жоңғарды әлі ұлықтап жүр. Бәлки «Жауына да құрмет көрсету» тәмсілін қолданатындай. Тарихты жеңгендер жазады деуші еді. Бізде қызық, тарихымызда қанша жеңімпаз болсақ та көшемізді жауымыз «билеп» жүр.
Мына дерекке зер салайықшы, Рим империясын қан қақсатқан гладиатор Спартак пен карфагендік Ганнибал Баркаға, болмаса олар шыққан елге арналған Италияда не көше, не қала, аудан атауы жоқ. Ресейде орысты Мәскеуді тастап қашуға мәжбүр еткен Наполеонға арналған даңғыл да, көше де жоқ. Санай берсек, әр ел тарихында дұшпандық қылғандарды ұлықтау мақсат етілмеген. Ал, Талдықор ған әкімдігі қазақтың бесіктегі баласына дейін аямаған жоңғарды төбесіне көтеріп жүр. Біздің топшылау Ернат Бәзіл бастаған талды қорғандық атқамінерлер Жоңғар тұйығын білмейтін болар дегенге жетелейді. Негізі білуі тиіс! Білген болса, Қазақстанның идеологиясы қазақтың тарихы мен салт-санасына, кеңістігіне негізделгенін, бас тысы алты Алашым деген тарихи тұлғалары екенін түйсінеді ғой. Ал олар түгенделмей жатқанда көшенің атауы әлі күнге «Жунгарская переулок» болып тұрғаны шымбайға емес, жүрекке батады. Бәлки, біздегілер экономика, бюджет деп жүріп идеологияға көз қысып қа райтын да шығар?! Кім білсін?
Қазір Талдықорған қаласында маңайындағы елді мекендерді қос қанда 900-ге жуық көше бар. Көпшілігінде атау бар да, 3-бөлімше мен «Береке» тұрғын үй алабында атаусыз қалған көшелер жеткілікті екен. Талдықорған қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Сандуғаш Ырысбаева биыл сол көшелерге атау беруді және Жоңғар тұйығының атауын өзгертуді мықтап қолға аламыз деп сендірді. Сенейік! Қоғам қайраткерлері алты Алаштың Алатауы болуы тиіс таудан жоңғар атауын алып тастауға сұранып жүргенде жоңғарларға көше беріп қоюымыз санаға сыймайды, құр метті қала әкімдігі. 2024 жылдың алғашқы айы өтті де кетті, 11 айдан кейін «ақталу» қабылданбайды.
«Көшеге ат беру» дегеннен шығады. Күні кеше ғана, анығы 30 қаңтар күні Талдықорғанның төрінде жыр қағаны атанған Жұматай Жақыпбаевтың туған күніне орай рухани шара өтті. Аймаң дай ақын келер жылы 80 жасқа толады. Шынымен ақынды ұмытпасақ, ізі қал ған Талды қаладан көше беріп, есімін ұлықтасақ, әбден болатын-ақ дүние! Бұл құлаққағыс та құры сөз болып қалмаса екен дейміз.
Дастанбек САДЫҚ





