Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысына – 80 жыл

03.02.2024
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысына – 80 жыл
WhatsAppTelegramFacebook

Ең алдымен өзінің туған жер, өскен өлкесінің тауы мен даласын, өзені мен көлін, данасы мен дарасын жүрегімен сезінген адам ғана туған елінің жарқын келешегі үшін адал еңбек етеді. Сондықтан әрбір жас өспірім шағынан бастап жігері мен намысын, танымы мен түйсігін өскен ортасының қадір-қасиетімен суғарып ержеткені жөн.

Тянь-Шань тауларынан бастау алатын ақжайқын Іле өзені, Жетісу Алатауынан ағып шығатын Өсек, Көксу, Қаратал, Ақсу, Сарқан, тағы да басқа өзен-көлдерден нәр алған құтты мекен  мыңдаған жылдар бойы ен даланы көгертіп, көктетіп келді. Осы өлкеде тарихтың сандаған тайталасы өтті. Берекелі өмір де, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған дәуір де, қырғын шайқастар да орын алды. Оның көбін жылдар жылыстап, айлар аунап ұмыттырып жібергенімен, «ат аунаса түк қалады» деген бабалар парасатына сүйенсек, қайта еске салып жатқан дәлел-дәйекте аз болмады.

Ғылымның жаңалығы кейде кездейсоқтық арқылы байқалады. Әрине, кімді болса да өз ұлтының шыққан тегі, тарихы және қалай қалыптасқаны қызықтыратыны сөзсіз. Тым ерте, әлімсақта ғұмыр кешкен халық тарихи-археологиялық ескерткіштер арқылы анықталмақ. Сол қатарда кезінде Еуроазия құрылығын жалғап жатқан Жібек жолы кесіп өтетін Жетісу жерінде тарихтың сан түрлі табы қалды. Сонау орта ғасыр саяхатшыларының жазбасында жазылған Екіөгіз қалашығы, кейіннен Талды отан аталып, бүгінгі күнде Жетісу облысының орталығы болған, 200 мың тұрғыны бар Талдықорған қаласын қалыптастырды. Міне, биыл атауы сан өзгерген Жетісу облысы әкімшілік құрылым ретінде жұмыс жүргізгеніне биыл 80 жыл толып отыр.

1944 жылы 16 наурызда іргесі қаланған Талдықорған облысы бөлініп шыққан. 1959 – 1967 жылдары Алматы облысы құрамына кіріп, 1967 жылы 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 жылы 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды. Ал өткен жылдан бері Жетісу облысы жаңадан құрылып, Талдықорған қаласы облыс орталығы статусын иеленді. Мен 1955 жылдан бері Талдықорған қаласының тұрғынымын. Ол кезде 17 жастағы бозбала едім. Содан бері өмірімнің дені қаланың, облыстың тыныс-тіршілігімен бірге өтті. Әрине, Талдықорған облысы алғаш құрылған кездегі қиындық аз болмады. Соғыстың соңғы жылдары болғандықтан жұрт қиналып, ел күйзеліп жүргенде бөлінген облыстың бағытын айқындап, жолын бекемдеу сол тұстағы аға буынға оңай тиген жоқ. Сол игілікті істердің алғашқы қалыптасу кезеңін жүрекпен түсініп өссек, кейінгі облыстық басқармалар да жұмыс атқарып, біліктілігімізді шыңдадық. Кейін Кербұлақ (Бұрынғы Гвардия) ауданы құрылғанда жаңа ауданды құру ісіне белсене атсалыстым. Сондай-ақ, облыстың ауылшаруашылығы саласының өркендеуіне аянбай үлес қостым. Зейнетке шыққаннан кейін Талдықорған қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде ата-баба дәстүрін ұрпаққа өнеге етудің басы-қасында жүрдік.

Жетісу облысының  және оның орталығы Талдықорған қаласының өркендеуіне Д. Қонаевтың үлкен үлесі болғанын ескергеніміз жөн. Ол жайлы айтылып та, жазылып та келеді. Мен облыста қызмет етіп жүрген тұста облысты басқарған Бәйкен, Әшімов, Бименде Садуақасов, Әріпбай Алыбаев, Сахан Құсайынов, Әубәкір Тынышбаев, Сағынбек Тұрсынов, Серік Ахымбеков, Өмірбек Өзбеков сияқты басшылардың да есімі құрметпен атауға тұрарлық. Аға-буындардың абыройлы еңбектері облыстың қарқынды дамуының іргетасы қаланғаннан бүгінгі күндердің келбетіне жол ашты. Сол қатарда облыстың, әсіресе Талдықорған шаһарының өркендеп-өсуіне ерекше еңбек сіңірген Амандық Баталовтың білікті басшылығын да ұмытып кетуге болмайды. Осы тұста Жетісу облысы түлеп, Талдықорған қаласы да өркениет көшінен ойып тұрып орын алды.  

Облыстың 80 жылдық тарихында экономикалық-әлеуметтік жағдайымыз жақсарудан бөлек рухани байлығымыз да толыға түсті. Әсіресе жастарға бағыт беріп, жөн сілтейтін, береке-бірлігіміздің беріктігін көрсететін Қадырғали би Жалайыр, Ескелді, Балпық, Жолбарыс билер, Қабылиса жырау, Қабанбай батыр, Сүйінбай Аронұлы, І. Жансүгіров, Д. Қонаев, Н. Алдабергенов, Н.Тілендиев, М. Төлебаев, Ғ. Орманов, М. Тынышпаев ескерткіштері облысымыздың әр жерінен бой көтеріп, елдің айбыны мен ердің асқақтығын паш етіп тұрғаны үлкен табыс.

Әрбір ұлтжанды, халқын сүйген азамат өз аймағының ежелгі тарихын, олардың өткен кезеңдерін жақсы білуге тиіс. Тарихи сана ұрпақтар сабақтастығына, таным-білімнің тұтастығына, халықтардың бірлігіне, осында өмір сүрген адамдардың бірін-бірі құрметтеу үлгілеріне бастайды. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің бұл да бір сыннан өткен мектебі болмақ.

Бұл мақалада қазақ даласының бір бөлшегі болған әлем картасымен есептегенде алақандай ғана болып көрінетін Жетісу облысының өткені мен бүгінін зерделеу арқылы оның ұлт тарихынының табы қалған құтты мекен екенін шамам жеткенше дәлелдеуге тырыстым. Айтылған ой-пайымды ары қарай жалғастыру сіздің еншіңізде.

Мұрат Халық,
еңбек ардагері, Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
Кербұлақ, Көксу аудандарының Құрметті азаматы

 

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

31.07.2026
Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

31.07.2026
Болашақтың берік негізі

Болашақтың берік негізі

31.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан

Тарихтан тамыр тартқан

31.07.2026
Үштөбеде экологиялық рейд өтті

Үштөбеде экологиялық рейд өтті

31.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.