Талдықорған: +9°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

«Жердің барлығы жекеменшікке өтіп кеткен»: Ауыл тұрғыны жайылым жердің тапшылығын айтты

30.01.2024
ОН САУСАҚ
"Жердің барлығы жекеменшікке өтіп кеткен": Ауыл тұрғыны жайылым жердің тапшылығын айтты
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында шыққан  «Ауыл аманаты» жобасы қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Бұл бағдарлама арқылы тұрғындар өзінің әлеуметтік жағдайын көтеріп қана қоймай еліміздің жұмыссыздар статистикасын азайтуға үлес қосуда.

Бағдарлама бойынша ауыл тұрғындары өз кәсібін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие  алып, техниканы лизингке рәсімдеуіне болады. Қарыз алу шарттары да өте қарапайым. Себебі, ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған. Бұл да халық үшін тиімді. 

Бүгінде игілігі мол жобамен жұмыс істеп, бизнесін дөңгелентіп жатқандар жетіп-артылады. Солардың бірі – Ескелді ауылдық округіне қарасты Көкдала ауылының тұрғыны Күлзипа Келгенбаева. Осы уақытқа дейін шаруашылығында  жылқы немесе ірі қара малы болмағандықтан аптасына 500 литр сүт сатып алып, одан май, құрт, қатық, кілегей, ірімшік жасап, 30 литр қымыз алып, Талдықорғандағы коммуналдық базарға және Үштөбе базарына шығарып сатып жүрді.

– Мен осыдан 10 жыл бұрын «Мазда» автокөлігіммен ауыл-ауылдан сүт жинап, одан құрт, май, ірімшік жасап жүрдім. Алғашында өнімдерді Үштөбедегі базарға алып барып саттым. Кейін  Талдықорған базарына да шығатын болдым. Бүгінде кілегей, ірімшіктен бөлек қымыз да сатамын. Қазір базарға барсаңыз сүт өнімдерінің көбі шетелдерден келеді. Ауыл тұрғындары осы бағдарлама арқылы жұмыс істесе өзіміздің отандық өнім көбейетін еді, – дейді кейіпкеріміз.

3 баланы тәрбиелеп отырған үй шаруасындағы іскер әйел «Ауыл аманаты» бағдарламасына белсене қатысып, 8 млн. теңге несие алып, бағдарламаның игілігін көруде. Қазіргі таңда несие арқылы 10 бас бие сатып алды.  Несие алу мақсаты – жылқы малын көбейтіп, қымыз өндірісін қолға алып, сүт өнімдерін сату. Іскер әйел жыл көлемінде атқарған жұмыстары үшін облыс әкімінің құттықтауына ие болды.

«Игілігі мол бағдарламаның арқасында 10 бас бие сатып алдым. Өкінішке қарай, жер болмағандықтан отағасы көктем шыққаннан жылқыларды күні, түні бағады. Ауылда жер тапшы. Жайылым жердің барлығы жекеменшікке өтіп кеткен. Жазда жылқыларды қой сияқты бағып қарамасақ біреудің жеріне түсіп кетсе мал басына 40 мың теңге айыппұл салады», – деген Күлзипа ана жайылымдық жер   ауылдағы өзекті мәселенің бірі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, кейіпкеріміз егер жер мәселесі шешілсе, болашақта сауынды сиыр алып, сүт өнімдерін одан әрі арттырамын деп жоспарлауда.

Ауыл – қазақтың күретамыры. Бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің, ұлт руханиятының, қазақы тәрбиенің қайнар көзі. Салт-дәстүр, мәдениеттің сарқылмас мол қоры да ауылдарымызда сақталып келеді.  Ендеше ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. Отбасын асырап, ауылының өркендеуіне үлес қосып жүрген жанның бұл ісі көпке үлгі.

Айта кетейік, республика бойынша кәсіпкер әйелдердің үлесі 50 пайыздан асады. Ал шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 60 пайызын әйелдер басқарады. Бүгінде Қаратал ауданында 1500-ге жуық қыз-келіншек кәсіпкерлікпен айналысады. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен медицина саласында еңбек ететін арулардың саны басым.

Айнагүл  БИЛАЛ, 
Ескелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 
Қаратал ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

26.03.2026
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асырады

26.03.2026
Енді несие алу қиындайды

Енді несие алу қиындайды

26.03.2026
500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

500-ден астам мектеп «Адал азамат» бағдарламасы бойынша безендіріледі

26.03.2026
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.