Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыруға көлік иелерінен 3534 өтініш келіп түскен

30 қаңтар 2024
КҮНДЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі таңда жақсы да жаңа көлік мінгісі келетіндердің басы қатудай-ақ қатып келеді. Ел ішіндегі салонға сыймай тұрған көліктерден алайын десе қалтасы көтермейтін, диллерлердің дайын ұсынған бағасына шамасы жітпейтін халық шеттен темір тұлпар тасығыш қазір. Ал оның заңдылығы қандай? Мәселен, Жетісу облысында көліктерді заңдастыру жұмыстары бір жыл бұрын басталған. Осы уақыт ішінде E-gov электронды порталы арқылы шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыруға көлік иелерінен 3534 өтініш келіп түскен.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында полиция департаментінің қызметкерлері айтты.

Департамент өкілдерінің айтуынша, Елімізге әкелінген барлық көліктер заңдастырылуы тиіс. Өткен жылы Талдықорған қаласында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге 826 азамат жүгініп, 680  көлік  пен 517 көлік жасаушы кәсіпорын тіркелді. Мониторинг көрсеткендей, көліктердің көпшілігі Ресей  (286), Қырғызстан (278), Армения (116) елдерінен тасымалданады.

Жетісу облысы ПД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімінің бастығы, полиция майоры Саят Ибраимовтың айтуынша, егер шетелдік автокөлік әкелінгеннен кейін 10 күн ішінде тіркеуден өтпесе, ҚР 590-бабының 2-тармағына сәйкес «Міндетті түрде тіркеуден өтпеген автокөліктер» айыбы бойынша қамауға алынып, иелері  ҚР  Әкімшілік кодексінің 797-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

«2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өтініш білдірген ел тұрғындарына көрсетілген мерзімнен кейін көліктерін заңдастыру құқығы беріледі. Жетісу облысында заңдастыру басталғаннан бері автокөлікті заңдастыру кезінде жалған тіркеу құжаттарын қолдану бойынша ҚР  ҚК-нің  385,  386-баптарының  1-бөлігімен  8,  оның  ішінде 4 қылмыстық іс бойынша қылмыс құрамы болмауына байланысты өндіріспен тоқтатылды, 4  дерек Талдықорған қаласы ПБ Анықтау бөлімінің өндірісіне берілді», — деді Жетісу облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция майоры Диас Айнақұлов.

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.