Еліміз жемқорлықтың кесірінен миллиардтаған шығынға ұшырауда. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан келтірілген залал 51 млрд. теңгеден асты.
Құқықтық статистикаға сәйкес өткен жылы келтірілген зиянның мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,1 есе көп. Бұл ретте өткен жылғы желтоқсанда залал мөлшері бір ай бұрынғы мөлшермен салыстырғанда 7,6%-ға жоғары.
Ең үлкен зиян келтірген ауыр қылмыстар 49,7 млрд. теңге, ал аса ауыр қылмыс түрлерінен келген шығын 1,1 млрд. теңгені құрайды. Сонымен бірге лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған адамдар 43,3 млрд. теңгеге залал келтірсе, билікті теріс пайдаланғандар 1,9 млрд. теңгеге зиян әкелген. Бұған қоса 2,2 млрд. теңгеге сеніп тапсырылған бөтен мүлік иемденілген немесе ысырап етілген.
Ал алаяқтар тарапынан келген шығын 1,3 млрд. теңгеден асады. Сондай-ақ, еліміздің мұнай-газ саласында да сыбайлас жемқорлық қылмыстар азаймай отыр.
А. ЫБЫРАЙ
Фото: gov.kz





