Жетісу облысы полиция департаменті Талдықорған басқарма полиция патрульдік қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Тарасұлы Базарбаев өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіннің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Былтыр 2 қазанда Талдықорған қаласындағы «Жанна» дүкені өртенеді. Бірінші қабаттың есіктері терезелері жабық болып шықты. Полиция қызметкері шатырға көтеріліп, терезеден қарт адам мен жас қыз тұрған екінші қабаттағы пәтерге кірген. Эвакуациядан кейін Д.Т. Базарбаев үйден екі газ баллонын алып шықты.
«ТЖ Министрінің атынан көрсеткен батырлығы үшін алғыс айтамыз! Көмек қолын созу нағыз құрметке лайық аса маңызды адамдық қасиет», — деп атап өтті Жетісу облысы ТЖД бастығы.
Фото: gov.kz





