Талдықорған: +35°C
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАРИЯЛАР – САРҚЫЛМАС ДАРИЯЛАР

29.12.2023
КҮНДЕРЕК
ҚАРИЯЛАР – САРҚЫЛМАС ДАРИЯЛАР
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымызда: «Қарты бар ел – қазыналы»  деген қанатты сөз бар. Өйткені абыз қариялар – отбасының берекесі, тәрбиешісі, ауылдың ұйытқысы, күллі қазақ халқының сарқылмас асыл қазынасы. Бабаларымыздан қалған тәмсілді ұлы аманаттай ұстап жүрген облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Жаңа жыл қарсаңында өңіріміздің өркендеуіне, рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбек ардагерлерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. 

«Көктем Грант» қонақүйінде өткен басқосуда ардагерлерге түскі ас берілді. Бейбіт Өксікбайұлы дәстүрлі кездесуде кеудесі сыр сандық, сөзі кілт, ақылы алтын қарияларымызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. 

– Алдыңғы буын ағалармен ой бөлісіп, пікірлесу қашанда маңызды. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің саяси жүйесінде, әлеуметтік-экономикалық салаларда түбегейлі реформалар қолға алынғанын білесіздер. Бұл өзгерістер қоғамда заңның үстемдігін орнықтыруға, тең мүмкіндіктер жасауға, әлеуметтік әділеттілік орнатуға бағытталған. Сол арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру – басты міндетіміз. Бұл ретте мемлекеттік органдардан халықтың өтініш-тілегін тыңдап, ашық жұмыс істеу талап етіледі. Біз сол бағытта жұмыс істеп келеміз, – деген Бейбіт Исабаев аймақтың дамуына елеулі үлес қосып жүрген ардагерлерге ыстық ықыласын білдірді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Жетісу жеріне келген сапарында облыста атқарылған жұмыстарға оң бағасын бергенін айтып, аймақ жетістігі мен алдағы жоспарды баяндады. 

Өткен 11 айдың қорытындысында экономикалық орташа өсім облыста 16 пайызды құрады. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Биыл тұрғын үйді іске қосу өткен жылмен салыстырғанда 128,1 пайызға жетіп, құрылыс қарқынды жүрді. Газбен қамту көрсеткіші 42,6 пайызды құрады. «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбырының құрылысы 2028 жылға қарай аяқталып, Алакөлге дейін көгілдір отын тарту, Текелі қаласында шаңғы-биатлон кешенін салу жоспарлануда.

Үш жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты қайта іске қосылды. Кербұлақ ауданында құны 1,3 трлн. теңге болатын «Көксай тау-кен байыту кешені» жобасы қолға алынды. Онда 2 мыңдай жұмыс орны ашылмақ. Осы жобаның инвесторы «Қазақмыс корпорациясы» Талдықорған қаласында онкологиялық орталық салады. Облыс орталығында кәсіпкер өз қаржысына «Жетісу арена» мұз айдынын ашты. Сол сияқты кәсіпкерлер үстел теннисі орталығы мен «Жетісу» волейбол клубына арналған тұрғын үй құрылысын салуда. Облыстық бюджеттен волейбол клубына жаттығу кешені тұрғызылуда. Биыл мәдениет саласында да біршама игі істер атқарылды. Абайдың ескерткішін, Халық әртісі Бикен Римова мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтің бюсттері орнатылды. Бикен апамыз бен жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойлары өтті. Облыстық филармонияға Дәнеш Рақышевтің есімі берілді. 

Кездесуде Халық жазушысы Бексұлтан Нұржеке сөз алып, шараға қатысушыларды Жаңа жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Жетісу жеке облыс болып шыққаннан кейін бәріміздің міндетіміз бар деп ойлаймыз. Ол – Жетісуды үздік облыстың бірі қылу. Ол үшін не істеуіміз керек? Мәселен, Түркістанды қазақи салт-дәстүрді сақтаған облыс деп білеміз. Біздің Жетісу тарихтың бел ортасы. Біз «Орбұлақ» шайқасын жыл сайын еске салу үшін дәріптеуіміз керек, – деп ұсынысын айтты.

Осыдан кейін облыс алғаш бөлінгеннен бастап жиырма жылдан астам уақыт өңірдің дамуына өз үлесін қосқан, соңғы жеті жылда облысты басқарған Амандық Баталов: «Мені облысқа құрылысшы маманы керек деп қызметке шақырғанда 1-2 жыл ғана жұмыс істейтін шығармын деп ойлағанмын. Қазір ойлап қарасам, аттай 21 жыл қызмет етіппін. Талдықорған менің жүрегімнің ішіндегі жүрегім», – деп тебірене сөйледі.  

Осыдан кейін  елі үшін елеулі еңбек сіңірген ақжаулықты әжелеріміз бен көнекөз қарияларымыз кезек-кезегімен сөз алып, өңірде атқарылып жатқан шаралар бойынша өздерінің ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді. Атқарылар жұмыстардың нәтижелі болуына тілектестік танытты.

Айдар ҚАЛИЕВ
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Отандық өнім ұсынылды

Отандық өнім ұсынылды

30.07.2026
Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемі артты

Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемі артты

30.07.2026
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді

30.07.2026
Жаңа Конституцияны іске асыру мәселесі талқыланды

Жаңа Конституцияны іске асыру мәселесі талқыланды

30.07.2026
Төлегеннің соңғы өлеңі

Төлегеннің соңғы өлеңі

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.