Талдықорған: +4°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жақсы көңіл-күй – жан азығы

23 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Жақсы көңіл-күй – жан азығы
WhatsAppTelegramFacebook

Ерекше балалар да қоғамның бір мүшесі. Олардың талпынысы, өнері, қызығушылығы жоғары деңгейде. Сол себепті олар қамқорлық пен қолдауды қажет етеді. Жуырда аудандық Мәдениет үйінде өңір басшысының қолдауы және «Ерекше балалардың ата-аналары» одағының  ұйымдастыруымен «Жақсы көңіл-күй – жан азығы» атты ерекше балаларға арналған музыкалық байқау өтті. 

Аталған байқау балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, өзін еркін сезініп, халық алдына шыға білу және өскелең ұрпақтың өмірге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған іс-шараның ашылуымен жиналған жұртшылықты аудан әкімі Ғалымжан Маманбаев құттықтап, балаларға арналған сый-сияпатын табыстады. Байқау балалардың арнайы дайындалған концерттік бағдарламасына ұласып, күмбірлеген күйге, мың бұралған биге жалғасып, көрермендердің ықыласына бөленді. 

Іс-шарадан кейін «Ерекше балалардың ата-аналары» одағы Сарқан аудандық орталығының жетекшісі Майра Тұрсыновамен аз-кем әңгімелескен едік.

– Біздің мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру, оқыту, қайта даярлау, жұмыспен қамту. Елдің саяси-қоғамдық өміріне белсене араласуын қолдау. Сондықтан оңалту, емдеу-сауықтыру бағытындағы ЛФК, АУФК сынды кабинеттердің маңызы зор. Балаларды қатарластарынан қалдырмау ата-ананың басты арманы. Осыған орай жаңа жыл қарсаңында демеушілердің көмегімен балаларға сыйлықтар үлестіру қамында жүрміз. Ерекше балалардың ішінде де өте таланттылары бар. Байқау өткізуге қол ұшын созған аудан қала, әкімдіктеріне алғысымыз шексіз. Бойында талант ұшқыны бар балаларды іріктеп, дайындауға құлшыныспен кірістік. «Инвитро» медициналық зертханасынан балаларға тегін кеңес алып, сараптама жасаттық. Ата-аналарды оқытып, тұрақты жұмыспен қамту да мақсатымыздың бір бағыты. Көпшілігі аурушаң балаларына күтуші ретінде алатын зейнетақыларына ғана қарап күн көріп отыр. Біздің мақсат – өзімізге кеңсе ашып, балаларды бейімді спортпен қамтып, оларға ЛФК кабинеттерін ашу. Ерекше балалар да осы қоғамның бір мүшелері ғой, – дейді Майра Өзбекқызы. 

Былтыр орталық «1000 қайырымды іс» атты акция өткізгенде демеушілік танытып, қайырымдылық көмек көрсетіп, қол ұшын созған «Эконом», «Көктем», «Фреш Март», «Бағдаулет» дүкендеріне, жеке кәсіпкер Талғат Иманбаев, «Арай» сауда үйіндегі Динараға алғыстарын білдіреді. Мереке қарсаңында сыйлық алған балалардың көңілдері көтеріліп, марқайғаны сөзсіз.  

Ерекше балаларды бағып-қағып, әлі жеткенше тәрбиелеп, оңалтып отырған ата-аналар ең алдымен қолдауға, түсіністікке, мейірімге мұқтаж. Өзі де сондай бала тәрбиелеп отырған Майра Тұрсынова орталық есебінде тұрған барша 330 баланың жанын жақсы түсінеді.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Фото: автордікі
 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.