Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Анталия (Түркия) ITF ширек финалына шықты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші молдовалық Илья Снитаримен бірге ширек финалда аустриялық Ян Кобриески – италиялық Федерико Валлемен шеберлік таластырды.
Қазақстандық-молдовалық дуэт 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Дмитрий Попко – Илья Снитари финалға шығу үшін доданың 4-ракеткалары, ресейліктер Дани Голубев – Евгений Тюрневпен таласады.
Қазақстандық спортшы жекелей сында да табысты өнер көрсетуде.
Фото: olympic.kz





