Талдықорған: +7°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының экологиялық жағдайы мүшкіл

13 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысының экологиялық жағдайы мүшкіл
WhatsAppTelegramFacebook

«Жасыл ынтымақтастық» қоғамдық бірлестігі экологиялық білімді дамыту және насихаттаумен, көпшілік көзін табиғат ананы аялап, қоршаған ортамызды қоқыс қалдықтарынан қорғауға бұрады. Аталған бірлестік 2022 жылдың жазында құрылған. Экологиялық, туристтік мәдениетті қалыптастыру бойынша әлеуметтік маңызы бар жобалары мен ұсыныстарын экобелсенді,  журналист Алия Ахмедиева және экобелсенді, «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас, Ғылым кандидаты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы Эльмира Букенова толықтырды.  
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар мен қоғамның алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру атты маңызды міндет тұр. 2022 жылдың қазан айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне бет бұрысында облыстағы туризмді дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ, өңірдің экологиясына қамқорлық қажеттігін атап өткен болатын. 

«Мемлекет басшысы Алакөл мен Балқаш көлдерінің, Алтын Емел, Жоңғар Алатауы ұлттық саябақтарының және басқа да бірегей табиғи нысандардың туристік әлеуетін нұсқады. Өкінішке орай, бүгінде Жетісу өңірінде инфрақұрылым дамымаған. Жол бойындағы өркениетті қызмет іс жүзінде  жоқ, демалушылар үшін қолайлы жағдай барлық жерде бола бермейді. Көптеген демалыс аймақ орталықтарында тағам мен сусындарды сату  бәсекелестігі  жоқ. Осының салдарынан туристер азық-түлік тапшылығын сезініп, тамақ іздеп айналаны аралайды. Мысалы Алакөл тұрғындарының әңгімесіне сүйенсек, туристер тірі қой сатып алып, малды жағада сойып, қалдықтары құмға көміліп жатады. Сондай-ақ, мониторинг барысында көл маусымының жоғарылауы кезінде азық-түлік бағасы 100-200%-ға қымбаттағанын анықтадық. Бүгінгі күнге дейін Алакөл жағалауындағы демалыс орындарының барлығы дерлік қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша міндетті экологиялық тексеруден өтпеген», — дейді Алия Ахмедиева. 

Сонымен қатар оқытушы спикеріміз  Қаратал, Көксу, Лепсі және басқа да су қоймаларының жағасында стихиялық туристік орындар көптеп кездесетінін және демалуға келген адамдар артынан таудай қоқыс қалдыратынын жеткізді. Бұндай  орындарды санақтан өткізіп, жүйелеу керек. Экологиялық  ағарту  шараларын  жүзеге асырып, халық арасында экологиялық  мәдениетті дамыту мәселелерінің шешімін табуымыз керек дейді ол. 
Ал «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас өз сөзінде:

«Президентіміз облыс алдына Жетісу өңірінде туризмді дамыту жөнінде ауқымды міндет қойды. Осы салаға  шетелдік  және  басқа  да инвестицияларды тартуға байланысты үлкен мәселелерді шешумен қатар, туристік  аймақтарда тұратын қарапайым халықты да ұмытпаған жөн. Олардың мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, туристік маусымда нәпақа табуға мүмкіндік беру керек. Өз кезегінде олар жергілікті табиғат пен қоршаған ортаны үш есе күшпен күтетін болады. Себебі ешкім өзі отырған бұтақты шаппасы анық», — деп баяндамасын түйіндеді.

 Айта кетейік, аталған бірлестік қоршаған ортаны қорғауды бала күннен қолға алу мақсатында мектеп оқушылары арасында сурет, постер байқауын өткізуде. Байқауға кез келген шығармашылық жұмысты NPO ecojetisy@gmail.com электрондық поштасына жіберу арқылы қатыса аласыз.

Сайыс қабылдауы 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейін деп бекітілген. Ал қорытындысы 20 желтоқсан күні шығарылады. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен  және  сыйлықтармен марапатталып, сонымен қатар оқушылар сарайында көрме ұйымдастырылады.

Алмас МЫРЗАХМЕТОВ

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:28
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Бүгін, 19:25
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 19:20
Дін және қоғам

Дін және қоғам

Бүгін, 17:06
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.