Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЫЛ БОЙҒЫ ЖҰМЫС САРАЛАНДЫ

09.12.2023
КҮНДЕРЕК
ЖЫЛ БОЙҒЫ ЖҰМЫС САРАЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымында 2023 жылы атқарылған іс-шаралар «Үздік ардагерлер байқауы» атауымен өткізілген жиында қорытындыланды. Жиын барысында қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Б. Боранбаева баяндама жасап, филиалдар мен салалық орталықтарда ардагерлердің белсенділігін арттыру және жас ұрпақты тәрбиелеу бағытында жүргізілген жұмыстарды жан-жақты саралады.

Ардагерлер ұйымының құрамына кіретін 5 салалық орталық пен 6 бастауыш ұйым ардагерлермен жыл бойы белсенді жұмыс жүргізді. Нақтырақ айтатын болсақ, құрамында 18 бастауыш ұйымы бар денсаулық сақтау саласы ардагерлерінің орталығы мен 11 бастауыш ұйымнан тұратын мемлекеттік және кәсіпкерлік мекемелер ардагерлері орталығында “Қарттар күні” айлығы барысында қарияларға материалдық және әлеуметтік көмектер көрсетілді. Өз саласынан шыққан зейнеткерлерге демеушілік жасаған мекемелер мен ұжымдар мұндай қамқорлық іс-шараларын қалалық ардагерлер кеңесінің қазан айын қарттарға көмек көрсету айы деп жариялаған үндеуі аясында атқарды.                         

Спорт пен мәдениет саласы ардагерлерінің орталықтарында да белгіленген жоспар сәтті орындалып, ардагерлер арасында түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілді. Құрамында 63 бастауыш ұйымы бар білім беру саласы ардагерлерінің орталығы қаламыздағы білім орталықтарында түрлі тақырыптарда жиындар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырды. Қала мектептерінде өткізіліп тұратын, дәстүрге айналып кеткен «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқаруда да осы білім беру орталығының мүшелері белсенділіктерімен ерекшеленді. Аталған бағдарлама қорытындысы бойынша үздік мектеп ұжымдары түрлі марапаттарға ие болды.       

Қаламыздағы «Ғарышкер», «Самал», «Мұрагер», «Қаратал» шағынаудандарындағы мен «Еркін», «Өтенай» ауылдық округіндегі бастауыш ардагерлер ұйымдары да белгіленген іс-шаралар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді. Ардагерлер ұйымында өткізілген іс-шаралардың негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыру десек, осы орайда дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд сияқты спорт түрлерінен өтіп тұратын жарыстар мен “Қарттардың да өнерге бар таласы” атауымен атқарылатын ән байқауы, жыр мүшәйрасы, қолөнер, батагөй жарыстары ойға оралады. Мұндай жарыстарға қатысушылар санының биыл  жылдағыдан да көбейе түскені көңілге қуаныш ұялатады. Тартысты өтетін бәсекелерге спорт ардагерлері мен өнер қайраткерлерінен құрылған әділқазылар алқасы қазылық етіп, жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Өнер қайраткерлерінің мерейтойлары да мазмұнды іс-шаралармен атап өтілді. Бұл орайда белгілі өнер қайраткері актриса Бикен Римованың, детектив жанрының дарабозы, жазушы жерлесіміз Кемел Тоқаевтың 100 жылдық және Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойлары есте қалатындай жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Жиында қорытынды сөз сөйлеген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Керімбеков ұйымда биыл істелген жұмыстарды түйіндеп, алдағы атқарылар жұмыстардың бағытын айқындап берді. Жалпы ардагерлер ұйымы кейінгі жылдары бірталай келелі істердің бастамашысы бола білді. Атап айтқанда, қаламызда тіршілік кешіп өмірден өткен, елімізге, өлкемізге еңбегі сіңген қоғам және мемлекет қайраткерлері, құрметті азаматтар тұрған үйлер мен олар қызмет атқарған ғимараттардың қабырғаларына ескерткіш тақта орнату жұмыстары 2020 – 2021 жылдары қолға алынған болатын. Аталған бастама жүйелі жалғасып, осындай азаматтардың туыстары мен бірге қызмет істеген әріптестері бүгінде өз қаражаттарына ескерткіш тақталар орнатуда.

Бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген жұмыстың бірі – “Дала академигі“ атанған екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов атамызға ескерткіш тақта орнату жұмысы еді. Қала ардагерлері көтерген бұл мәселе биыл облыс әкімі Б. Исабаевтың қолдауымен қолға алынып, абыроймен аяқталғаны үлкен қуаныш болды. Ескерткіштің айналасы кеңейтіліп, абаттандыру жұмыстарының жақсы жүргізілгені ашылу салтанатында айқын көрініп, қала тұрғындары ризашылық білдірді  

Қаламыздағы 25000 зейнеткердің белсенділігін арттыру жолында атқарылуға тиісті ауқымды шараның бірі «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын» ашу болып тұр. Алдын ала жасалынған іс-шаралар жоспарында атап көрсетілген бұл бастама бүгінгі күнде еліміздің барлық қалаларында дерлік қолға алынып, нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Өз кезегінде Талдықорған қаласында да бұл бастама өз деңгейінде жүзеге асса деген үлкен өтінішіміз бар. Қала зейнеткерлерін кеңінен қамту үшін кемінде екі қабатты, әртүрлі спорт ойындарын өткізуге бағытталған тренажер залдары мен шахмат, дойбы, бильярд сияқты спорт түрлері және әртүрлі мәдени іс-шараларға арналған кең де жарық бөлмелері бар ғимарат болғаны дұрыс деген ойдамыз.

Жиын барысында аталмыш іс-шаралар жан-жақты талқыланып, жарыссөзге  қатысушылар атқарылған іс-шараларға өз бағасын берді. Үздік деп танылған ұйымдар бағалы сыйлықтармен марапатталды.                                                                    

Жиын соңында өткен шағын концертте сазгер Бақберген Асқарбеков пен ақын Жангелді Немеребаев жазып шығарған “Ардагерлер әні” ән авторының орындауында ұйым мүшелеріне таныстырылды. Өтенай ауылдық округінің ардагер әжелер мен аталардан құрылған “Сұлусаз”ансамблінің концерттік бағдарламасы көпшілік көңілінен шығып, қошамет көрсетілді.     

М. Қожабеков, 
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Қатысты жаңалықтар

Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

28.07.2026
Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

28.07.2026
Келелі мәселелер сөз болды

Келелі мәселелер сөз болды

28.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28.07.2026
Декреттік төлем шегі артты: Болашақ аналар нені білуі керек?

Декреттік төлем шегі артты: Болашақ аналар нені білуі керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.