Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тарихи кешенге жасап жатқан қиянатымыз ертеңгі сорымыз болмаса екен

6 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Тарихи кешенге жасап жатқан қиянатымыз ертеңгі сорымыз болмаса екен
WhatsAppTelegramFacebook

Осымен екінші рет Қызылтас тауына шығуға тура келді. Бірінші рет осыдан 5 жыл бұрын Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қаланың ерте және бүгінгі тарихын түгендеген үш томдықты құрастыру жұмысы басталғанда барып едік. Сол тұста бастамашыл азаматтармен бірге Қызылтас саяжайындағы қорымдарды аралап, Қызылтас тауындағы жартас суреттерін көріп қайтқанбыз. Ол жайлы материал «Тарихымен тамырлас – Талдықорған» атты кітаптың 68 бетінде жергілікті археолог Михаил Антоновтың авторлығымен берілді. Онда Қызылтас петроглифтері мен олар туралы анықтама айтылып, бірқатар жартас суретінің фотосы жарияланған еді.

Бұл жолғы сапардың салмағы ауыр, санаға түсіретін жүгі де қиын болды. Қызылтас петроглифтерінің тарихын түгендеу емес, бүлініп, қираған, қоқыс үйіндісінің астында қалған жәдігерлерді көріп күйініп қайтуға тұра келді. Мен ғана емес, осы жолғы сапарға қатысқан Астана, Алматы қаласынан келген газет, портал, сайт журналистері, қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының өкідері мен еріктілер де әрі-сәрі күй кешкені белгілі.

Естеріңізде болса, жақында талдықорғандықтар жиі барып, демалатын Қызылтас тауындағы Талдықорған тасбақасы туралы жанжал туындаған еді. Сол кезде экобелсенділер сол маңнан қиыршық тас өндіріп жатқан «Темірбетон» ЖШС-нің өндіріс аумағындағы  петроглифтердің бүлініп жатқанын көріп, дабыл қақты.  Соның әсерінен адами әрекеттердің кесірінен бүлініп жатқан тарихи жәдігерлердің мүшкіл халі мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің назарын аударды. «Түн ұзарса түс бұзылады» дегендей, Талдықорған тасбақасы айналасында өрбіген жаңжал міне, осылай бір-екі жетінің ішінде тұтас қоғамды дүр сілкіндірген мәселеге айналды.

Оқи отырыңыз: «Заңсыз берілген»: Талдықорған түбінде тарихи петроглифтерді талқандаған кім?

Өткен жексенбіде Қызылтас петроглифтеріне ұйымдастырылған кездесуде сан тараптың сөз сайысы тағы да қыза түсті. Қиыршық тас өңдеумен айналысатын «Темірбетон» ЖШС, алып тарихи кешеннің бір бөлігі саналатын жерден өндіріс орнын ашуға рұқсат еткен «Қазархеология» ЖШС өкілдері де өздерінің істеп отырған істерінің заңдылығын дәлелдеп жанталасты. Облыстық тарихи, мәдени мұраларды қорғау орталығының мамандары өз тараптарынан атқарылған жұмыс нәтижесін көпшілік алдында жайып салды.

Жалпы, «Темірбетон» ЖШС аталмыш жаңнжалдың экономикалық-әлеуметтік тұрғыдағы маңыздылығына баса мән беретіндігін байқадық. Өйткені жұмыс орны жабылса, 700-ге жуық талдықорғандық жұмыссыз қалады. Олармен бірге отбасы мүшелері де қиналатыны анық. Ал «Қазархеология» ЖШС 45 жылдан бергі жұмыс нәтижесін алға тартып, өздерінің шешіміне имандай сенетіндігін дәлелдеп әбігер болды. Бірақ ежелгі бабалардың ақыл-парасаты мен тарихы өрнектелген жәдігерлердің бүлінген жағдайын көріп көңілің құлазиды. Беткейдегі жартас суреттерін жалықпай тексеріп шықтық. Өкінішке қарай 5 жыл бұрынғы өз көзіммен көрген жартас суреттерінің көпшілігін бұл жолы байқай алмадым.

Біз кімдікі дұрыс, кімдікі заңсыз екендігіне қорытынды шығаруға құқымыз жоқ. Ол жайлы тиісті мекемелер алдағы уақытта нақты жауабын айта жатар. Жерлестеріміздің жұмыспен қамтылып, отбасын қысылмай-қымтырылмай асырауына қашанда тілектеспіз. Бірақ, өз тарихын қастерлемеген елдің болашағының да болмайтынын өткен тарихымыз сан мәрте көрсетті. «Осы бір тарихи кешенге жасап жатқан қиянатымыз ертеңгі сорымыз болмаса екен» деп тіледік іштей.

Қажет Андас

Қатысты жаңалықтар

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Бүгін, 12:54
Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Бүгін, 12:35
Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Бүгін, 11:57
Дін және мемлекеттік қызмет

Дін және мемлекеттік қызмет

Бүгін, 11:40
Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Бүгін, 11:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.