Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қайырымдылық қорының көмегі

5 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Қайырымдылық қорының көмегі
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал ауданындағы Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыларға, дарынды балаларға үлкен қолдау көрсетуде. Атап айтсақ, биыл тұрғындардың өтінішіне орай 50 орынды дәрігерлік амбулатория тұрғызып, оны қажетті медициналық құралдармен жабдықтап, халықтың игілігіне берді.

Үштөбе қаласындағы 3 дәрігерлік учаскесі бар дәрігерлік амбулатория күніне 50 адам қабылдайды. Мұнда тіркелген халық саны 3876 адам. Дәрігерлік амбулатория әйелдерді қарау, физиотерапия, емдік дене шынықтыру бөлмесі, дені сау балаларды қабылдайтын бөлме, 5 күндізгі ем қабылдайтын стационар, процедура қабылдайтын және екпе салатын бөлмелермен жабдықталған. Сондай-ақ, мұнда дәрігерге дейін қаралу бөлмесі бар.

Тұрғындардың сапалы медициналық ем алуына жағдай жасау мақсатында амбулатория ультрадыбыстық зерттеу құрылғысы, дефибриллятор-4, ЭКГ-1 сынды заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Медициналық орталықта білікті мамандар жұмыс істейді. 

Үштөбе қаласының тұрғындары медициналық нысанның ашылуына ризашылығын білдіруде.
 – Қордың есебінен ел игілігіне жап-жаңа, еңселі медициналық нысан беріліп отыр. Ғимараттың ашылуына үлес қосқан барша азаматқа алғысымыз шексіз, – дейді қала тұрғыны Жарбол Ертайұлы.

Айта кетейік, қордың жәрдемімен Үштөбедегі  К. Тоқаев атындағы мектеп заманауи техникалық, спорттық және музыкалық құралдармен жабдықталды, балалардың ойын алаңы, аллея салынды. Ұзақ жыл бойы Кемел Тоқаев қоры шығармашылық дарынды балаларға қолұшын созып, еліміздің және шетелдердің үздік жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік жасап келеді. Қордың қаржысына ауданда гуманитарлық колледж салынып, пайдалануға берілді. Оған қоса мал шаруашылығы кешені салынып, оған 500 бас қазақтың ақбас сиыры әкелінді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр. Ендігі кезекте шоколад цехын ашу қолға алыныпты. 

А. НАЗАРҰЛЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бүгін, 10:26
Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Бүгін, 10:10
Ел дамуының бағдары

Ел дамуының бағдары

Бүгін, 09:32
Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Абаттандыру ережелерін бұзғандар жауапқа тартылуда

Бүгін, 09:09
Бес облыста ауа райы қолайсыз болады

Бес облыста ауа райы қолайсыз болады

Бүгін, 09:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.