Талдықорған: +10°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Қызылша жұқпасының алдын алайық!

01.12.2023
ДЕНСАУЛЫҚ
Қызылша жұқпасының алдын алайық!
WhatsAppTelegramFacebook

Жұқпалы вирустық кесел саналатын қызылша адамнан адамға ауа арқылы жұғады.  Ауру – дене қызуының көтерілуі, жоғары тыныс жолдарының шырышты қабығының қабынуымен сипатталады. Алғашында бөртпе қанық қызыл түсті болып,  кейіннен ашық қызыл ірі даққа айналады. 

Тамыз айынан бастап облыста қызылша жұқпасын жұқтырғандар саны  өсіп келеді.  Бүгінде алғашқы нақтамамен 484 жағдай тіркеліп, оның ішінде 350-і расталды. Науқастанғандардың  басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар. Жұқпаға шалдыққандардың   60 %-ы бүлдіршіндер. Бүгінгі күні облыс бойынша расталған жағдайлардың 84%-ын бұрын қызылшаға қарсы екпе алмағандар құрайды.  Қызылшаның  алдын алудың бірден-бір  жолы – вакцина.  Аурудың таралуын болдырмау үшін екпе алмаған адамдарды толықтай вакциналау керек. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға қызылшаға қарсы жоспарлы егу 12-15 айлығында және қайта егу 6 жаста жүргізіледі. 

Қызылшамен ауырғандар санының көбеюіне байланысты  республика көлемінде  6 қарашадан бастап қосымша иммундау 6 айдан 10 ай 29 күндік балаларға жүргізілуде. Желтоқсан айынан бастап 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күндік балалар, бұрын екпесін өткізіп алған 18 жасқа дейінгі ересектерге және  медициналық қызметкерлерге  жүргізіледі. 

Қосымша иммундаумен бүгінгі күні облыста 2974 адам қамтылды. Қызылшаға қарсы иммундау  тексеріп, қарап, денсаулық жағдайы бағаланып, дәрігер рұқсат еткен кезде, арнайы кабинетте жүргізіледі. Вакцинаға қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина қолданылады. Бұл үндістандық препарат «Serum Institute of India Pvt. Ltd», ДДҰ-мен сертификатталған және Қазақстан Республикасында тіркелген. Вакцина өте тиімді, сенімді. Құрамында тірі әлсіздендірілген вирус бар. Қоздырғыш ауру тудыра алмайды, бірақ,  ағзаны сенімді иммундайды.

Қоғамға қауіп төндірген жұқпаның көбейіп кетуі адамдардың екпе алмағандығының салдарынан. Егуден бас тартудың себептері әртүрлі. Мысалы,  діни наным-сенімге байланысты. Әлеуметтік желідегі жалған ақпараттарға сенгендіктен. Қызылша жұқпасы асқынған кезде қауіп артады.  Асқынулардың түрлері кең таралған. Тыныс алу жүйесінің қабынулары жиі кездеседі. Ларингит (көмейдің тарылуы), ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), өкпенің қабынуына іріңді инфекцияның қосылуы (пневмония) себеп болуы мүмкін. Ең ауыр асқыну – бұл жүйке жүйесінің асқынулары (панэнцефалит, энцефалит, менингит).

Егер медициналық шектеулер қойылса, егуді денсаулығы жақсарғанда алуға болады. Тұрақты медициналық шектеу болса, адамдар шоғырланған жерге бармай, ауру белгілері бар адамдармен байланысты шектеген дұрыс. Үй-жайларды жиі желдетіп, гигиенаны сақтау қажет. Ауру белгілері пайда болғанда оқшауланып, дәрігерге қаралу керек. Өздігімен емделмей, дәрігер шақыртқан жөн.

Вакцина алғаннан кейін де қызылшамен сырқаттану мүмкін. Бірақ, егілген бала ауырса  жұқпа жеңіл түрде өтеді. Мұндайда бөртпелер бірен-саран немесе болмауы да мүмкін. Осындай жағдайларда асқыну қаупі төмен. Себебі, вакцина 95%-ы қорғайды. 

Вакцинадан кейін иммунитет түзілуі үшін кем дегенде 2-3 апта уақыт қажет. ДДҰ мәліметі бойынша, қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың 95% вакцинациялануы қажет.

Осы көрсеткіштерге жеткенде сырқаттанушылық төмендейді. Бұл халықтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан медициналық шектеулеріңіз болмаса, белсенділік танытып, егілуге шақырамын. 

Асхат ЧАРАПИЕВ,
Жетісу облыстық  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Фото: den-der.kz 

Қатысты жаңалықтар

Барлығы қатарда. «Жетісудың» кезекті жеңісі

Барлығы қатарда. «Жетісудың» кезекті жеңісі

22.03.2026
Талдықорғанда ұлттық киім бағасы: сапа мен сәннің үйлесімі

Талдықорғанда ұлттық киім бағасы: сапа мен сәннің үйлесімі

22.03.2026
23 наурызда ел аумағында құбылмалы ауа райы күтіледі

23 наурызда ел аумағында құбылмалы ауа райы күтіледі

22.03.2026
Сарыөзекте Наурыз мерекесі аудан көлемінде кеңінен аталып өтті

Сарыөзекте Наурыз мерекесі аудан көлемінде кеңінен аталып өтті

22.03.2026
Қаратал ауданы Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

Қаратал ауданы Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

22.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.