Талдықорған: +6°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Айту да, атқару да маңызды — Сенатор

27 қараша 2023
КҮНДЕРЕК
Айту да, атқару да маңызды - Сенатор
WhatsAppTelegramFacebook

Сенатор Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша жаңа міндеттер белгілегенін айтты.  

«Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық береміз. Біз ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту үшін жағдай жасаймыз, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдаймыз. Тұрғындарға жер қолжетімді болады. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандырамыз», — делінген сайлауалды бағдарламада.

Мемлекет басшысы атап өткендей, су үнемдейтін тиімді технология енгізіп, мелиорация және суару жүйесін қалпына келтіру керек. Сонымен қатар мемлекет ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру бойынша кең ауқымды жобаны іске асырып жатыр. 

«Кооперативтер егістіктен дүкен сөресіне дейін өнімді тікелей жеткізуші болады. Тиімсіз делдалдардан арыламыз», — делінген құжатта.

— Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында шаруалар 40 млрд теңгеге 1 053 комбайн мен трактор сатып алды.

— 2,8 мың бірлік мал азығын жинау техникасын сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді. 

— 8 млн гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды.

— Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында республикадағы барлық жеке қосалқы шаруашылықтың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту, шағын несие беру есебінен 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру және өткізу нарығына шығуды қамтамасыз ету көзделіп отыр. 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтитын жобаны жүзеге асыруға барлығы 1 трлн теңге қарастырылған.

— 2023 жылы республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында қаражат толығымен игерілді. Басқа өңірлерде жұмыс жалғасып жатыр.

— Елді сумен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді шешуді көздейтін жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді. Жоба сумен жабдықтау, су бұру, суару мәселелері, су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігі сияқты көптеген бағыттарды қамтиды.

— Елдің су шаруашылығы жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасын тауып келеді. Мәселен, 2025 жылға дейін Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында сыйымдылығы 1 700 млн м3 болатын жаңа 9 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Оны ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану жоспарланған.

Екінші кезеңде Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 705 млн м3 астам суға арналған 11 су қоймасын салу қарастырылған.

Сонымен қатар республикадағы суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданын 1,8 млн гектардан 2,5 млн гектарға дейін ұлғайту, қолданыстағы 15 су қоймасы мен 3,5 мың шақырым суару желілерін күрделі жөндеу, сондай-ақ 212 каналдың суды есепке алу жүйесін цифрландыру жоспарланып отыр. 

Фото: wikipedia.org

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.