Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Экспедиция: Ұлы ғалым рухына тағзым

21.11.2023
КҮНДЕРЕК
Экспедиция: Ұлы ғалым рухына тағзым
WhatsAppTelegramFacebook

Құлқын сәріде оянып алғанмын, жан-жағыма бажайлай қарап жүріп келемін. Қала көшелері мүлгіген күйінен арыла алмай тұрғандай көрінеді. Қос жанарым арайлап атқан таңнан қандай да бір құндылық іздегендей. Күздің қара суығы адам жанын жайландыра алады екен-ау, көңіл сарайымды ашып, әлдекімге деген асқақ сағынышымды өзімен бірге алып келгендей.

Шаһардың 7-ші шағынауданында орналасқан мектептің алдына бір топ оқушы мұғалімдерімен жиналды. Арасында сол мекеменің директоры мен қоғам белсендісі бар. Барлығының таң бозынан жолға шығып кетпек ниеті аңғарылады. Тасымалдаушы 3 көлікке бөлініп отырып жатқандар ширақ қимылдайды. Әне-міне дегенше жаңағы көліктер қаз-қатар жүріп жолға шығып кетті. Бет алысы Кербұлақ ауданына қарасты Шанханай ауылы.

Жол-жөнекей өнегелі әңгіме айтылды. Дүниежүзілік Шыңғысхан академиясының академигі, Тезек төре ұрпағы, шоқантанушы Бағдат Ақылбеков оқушылар мен ұстаздар қауымына бұл күнгі сапардың жөн-жосығын түсіндірді. Арғы-бергі тарихта болған оқиғалар турасында сөз қозғап, ел мен жердің атауларына тоқталып сыр шертті. Сондай-ақ, кеңестік идеологияның салқын тұсы қазақтың ұлы тұлғаларын дәріптеуге жол бермегенін, соның ішінде Шоқан Уәлихановтың өмір жолын айрықша тілге тиек етті.  

Бағдат Бақтыбайұлы былай дейді: «Шоқан Уәлиханов Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде дүниеге келгенмен  Жетісу өңіріндегі бұрынғы Тезек төре ауылында өмірден өтті. 30 жыл өмір сүрді десек, соның тек 12 жылында ғана ғылыммен айналысыпты. Сол аралықта дүниежүзілік ғылымға орасан зор үлесін қосып үлгірді. Оның қалам тартпаған саласы жоқ. Ол географ, этнограф, картограф, ботаник, нумизматик, тарихшы, ағартушы, қазақ халқынан алғаш шыққан ғалым. Қазақтың маңдайына біткен жұлдызы. Осындай арысты тудырған біздің ел шын мәнінде бақытты».

Әңгіме ұзақ жолды қысқартатыны рас. Екі сағаттық жол 2 минутта өтіп кеткендей. Діттеген межелі мекенге тез жеткендей хәлге ендік. Сапарымыз ең алдымен Көшентоғандағы қорымнан басталды. Сол жерде жерленген аруақтарға, соның ішінде Шоқан Уәлихановтың рухына арналып Құран оқылып, дұға жасалды. Жолаушылар Шоқанға орнатылған обелиск – ескерткішті көріп, осы араның тарихынан ақпар алды.

Ең алғаш 1865 жылғы сәуір айында Шоқан қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Тезек төре оның басын қыш кірпішпен төртбұрыштап қалатып қойған. Халық аузындағы деректерге сәйкес Шоқанның мазары алты мәрте қайта тұрғызылыпты. Кейіннен Д. Қонаев ғалымның бейітін қайта жаңғыртады. Қысқа мерзімде жоба әзірлеп, 240 мың рубль бөліп 1958 жылы ескерткішін тұрғызады.

Экспедиция мүшелері әрмен қарай Шанханай ауылындағы Шоқан Уәлихановтың музейіне барды. Жалпы музей 1985 жылы ел игілігіне беріліпті. Қазіргі уақытта мұнда мыңнан астам экспонат қойылған. Рухани орталық алты қанатты қазақ үйдің бейнесінде жасалған. Сондай-ақ, музейде Тезек төреге қатысты деректер де бар.

«Ұлы ғалым, ағартушы Шоқан Уәлихановтың рухына тағзым» атты ғылыми-танымдық экспедиция тұлғаның атына берілген Шанханай аулындағы мектепте жалғасты. Жиында Талдықорған қаласының №28 IT мектеп-лицейінің директоры Гүлжанар Еспанова мен Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп директоры Жанар Жұмажанова өзара серіктестік байланыс орнату туралы келісім – меморандумға қол қойды. Мақсат қала мектебі мен ауыл мектебі арасындағы арақашықтықты жою.

Аталған шара №28 IT мектеп-лицейінің зерттеушілер айлығы аясында ұйымдастырылып отыр. «Тағылым мен тағзым» тақырыбы негізінде танымдық зерттеу саяхат сабағына жас мамандар мен жас зерттеушілер қатысты.

Экспедиция аясында  Шоқанның өмірі мен қызметіне арнап Шоқан орта мектебінің оқушылары мен №28 IT мектеп-лицейінің оқушылары зерттеу жұмыстарын оқыды. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Оқушылар Шоқан мен оның жары Айсараның  ғұмырынан қойылым қойды. Көрініс көпшілік көзіне жас үйірді. Жүрек түкпірінде сақталған ұлы ғалымға деген сағынышты оятты.

Медет ЖҰМАБАЙ
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.