Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АРАЛАС МЕКТЕПТЕН ҚАШАН АРЫЛАМЫЗ?!

18.11.2023
КҮНДЕРЕК
АРАЛАС МЕКТЕПТЕН ҚАШАН АРЫЛАМЫЗ?!
WhatsAppTelegramFacebook

Қаламызда жалпы 29 мектеп бар. Оның 21 аралас мектеп. 3 оқу орны облыстық білім беру ордасы болса, қалған небәрі 5 мектеп толық қазақ тілінде оқытады. Қарап тұрсаң, ішің ашитын дүние. Алайда, халықтың сұранысы болғасын үндемесек те, қазақ мектебіне жол сілтеуге міндеттіміз.

Бүгінде қазақтың дерті болып тұрған осы аралас мектеп. Ана тілімізді біржақты қыла алмай жүргенде, екінші бір түйіткілдің шешілмеуі тағы бір мәселе. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте», — деп Қадыр-Мырза Әли ағамыз айтқандай-ақ, осы ұстанымнан арылмасақ екен. Қазір тек орыс тілі ғана емес, тіпті ағылшын тілінде сайрап жүрген 2-3 жасар бүлдіршіндер бар. Әрине, бала кішкентайынан өзге тілдерді жетік меңгергені дұрыс. Алайда, ең алдымен өзінің ана тілін бойына сіңіріп, соны дәріптесе нұр үстіне нұр. Біздің тіліміз өте бай. Осынау құндылығымыздың әлсіреп бара жатқаны аралас мектептің көбею. Ондай мектептердің болғанын теріс дей алмаймыз. Бірақ, сол қазақ сыныбында қазақтар, орыс сыныбында орыстар оқыса еш өкпе болмас па еді? Алайда, қынжылатынымыз орыс сыныбында оқитын қазақ балаларының көптігі. Осыған кінәлі балаларын орыс сыныбына беріп қойып отырған ата-анаға үлкен сын. әлде, жол сілтемеген ұстаздар  мен мектеп басшылары ма?!

Көп ұлтты ел болғаннан кейін аралас мектептің болуы шарт. Дегенмен енді ғана ой-өрісі қалыптасып келе жатқан баланың миын  өзге тілмен улағанша, өзіміздің ана тілімізде ойлауды, жетік үйреткеніміз дұрысырақ.

Бүгінде орыс сыныбын бітірген қазақ жастары өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге қиналады. Неліктен? Себебі, баланың ойы, жалпы болмысы қазақылықтан алыстап кеткен. Тіпті, кейбір ата-аналар  сылтауратып «ол орыс сыныбында оқып, орыстанып кеткен ғой» деп жатады. Қазіргі зманның түйіткілді мәселесі. Неге сол баламен үйде жүріп қазақша сөйлеспеске?! Қазақтың баласы қанша жерден орысша, тіпті ағылшын тілінде оқыса да, қазақи болмысынан арылмау керек. Мысал келтірер болсақ, қарапайым мектепте орыс сыныптың оқушылары өз ұстаздарына ғана амандасып, басқа мүғаліммен сәлемдесуге құлқы болмайды. «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» деген сөз бар. Қазақ баласын қашанда адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеген халық. Осынау болмысы таза халықтың өзгелерге еліктегіш болғанын жастарымыздан байқаймыз. Түп-тамырымыздан келе жатқан ұлағатты тәрбиемізбен, дәстүр-салтымыздан, тарихымыздан, пайым-парасатымыздан айырылып қалуымыз әбден мүмкін.

Қоғамда жастардың орысша сөйлесуі тренд. Олардың ойынша орыс тілін білмеу ұят нәрсе.  Кез-келген мектепке барып, бақылар болсақ, әр бұрышта орысша сайрап тұрған оқушыларды көруге болады. Бір жерге 4 қазақ жиналып, араларына 1 орыс қосыла қалса бірден шүлдірлеп жеті атасынан қалған тілдей орысша сайрайды. Бұл қоғамның әлі де болсын орыстану саясатынан шыға алмай жатқанына тағы бір дәлелі. Осы бір кемшіліктен арылу үшін ұстаздар тарапынан ескерту болмайды емес, болады. Алайда соны дұрыс бағыттап,  баланың патриоттық сезімін оятып, рухын көтерер  мектепте түрлі шаралар өткізу қажет.

Қаладағы көп білім ошақтарында орын жетіспеушілік бар. Сол себептен кейбір ата-аналарға балаларын орыс сыныбына беруге тура келеді. Бұл мәселені орыс сыныптарын жауып тек қазақ сыныптарын көбейтсек қана шеше алатын сыңайлымыз. Мысалы, Ресейде осыдан 4 жыл бұрын соңғы қазақ мектебі жабылған. Қарап тұрсақ бұл дұрыс шешім. Кез-келген тұрақты, әрі, құндылығын сақтай білген мемлекет өз елінде тек ана тілді метептің болуын алға қояды. Біздің елде де сондай заң қабылданып, күшіне енсе қазіргідей шұбаланған және шала қазақ тілі болмас та еді. Кеңес өкіметінен келе жатқан бұл дерттен әлі де шыға алмай жатқанымыз өкінішті. Тіпті, Ата Заңымызда орыс тілін «ресми тіл» деп бұрмалап алғандар бар. Алайда, заңда қазақ тілі мен орыс тілі тең дәрежеде қолданылатыны жайлы жазылған. Яғни, «орыс тілі ресми тіл» деп ешбір заң аясында айтылған емес.

Көп ата-ана өздерінің бала алдындағы міндетін оңай жол арқылы орындауда. Өздері бұрын орыс сыныбында оқығаннан кейін, «қазақша оқыту  қиын, түсінбейміз, оданда орыс сыныбына берген жақсы» деп қырық сылтау айтады. Яғни, өзімізді өзіміз құрдымға кетірудеміз. Тіпті орыс сыныбында оқитын қазақ балалары соны мақтан көреді.

Орысша білмеу ұят емес, ана тілін білмеу ұят! Тіл білуге, уйренуге ешкім қарсы болмайды. Керісінше көп тілді жетік меңгеру ол білімділіктің белгісі.

Айғаным АЙТМҰХАН
Фото: ашық дереккөзден

 

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.