«ӘDILET» партиясының Жетісу облыстық сайлауалды штабының «ТАТЭК» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Жиын ашық форматта, еркін пікір алмасуға ұласты.
Кездесу барысында спикерлер еңбек ұжымын толғандырған мәселелеріне құлақ түріп, сол мәселелерді шешу жолдарын таразылады. Сонымен қатар, елімізде жүзеге асып жатқан саяси реформалар жөнінде сөз болды. Жиынға қатысушылар Жаңа Конституция жайында пікір білдірді. Жаңа құжаттың әрбір нормасы қоғамның сұранысы мен ұсынысы негізінде әзірленгенін айтты. Айтуларынша, бұл құжат – болашаққа жасалған батыл әрі тарихи қадам.
Штаб өкілдері елімізде жүзеге асып жатқан заң үстемдігін нығайту, әр азаматтың құқығын қорғау, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді тетіктерді қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды да таразылады.
Шара соңында еңбек ұжымы өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын жолдады.
Дастанбек Садық





