Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

18 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде қоршаған ортаны қорғау мен қалдықтарды кәдеге жарату ісін жүйелендіру басты назарда тұр. Бүгін Қазақстан Халық Кеңесі Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің Экологиялық комиссиясының кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Ерлан Нысанбаев пен Табиғат Зейнұлқабден қатысқан жиында қалдықтарды жинау, шығару,қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту және олардың қозғалысын цифрлық бақылау тетіктері сараланды. Мәселенің түпкі мәні неде? Бүгінде қоқысты жай ғана полигонға төгу табиғатқа орасан зор зиян келтіреді, ал оны сұрыптап,қайта өңдеу арқылы жаңа өнім алу әрі экологияны сақтау – заман талабы.

Ресми деректерге сүйенсек, 2025 жылы елімізде 5 млн тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық жиналған. Оның 1,5 млн тоннасы немесе 30,7 пайызы ғана қайта өңделіп, кәдеге жаратылды. Сонымен қатар республикадағы 2 911 полигонның тек 577-сі, яғни 19,8 пайызы ғана санитарлық талаптарға сай келеді. Комиссия төрағасы Ерлан Нысанбаев атап өткендей, әсіресе ауылдық жерлерде қоқыс шығару инфрақұрылымы ақсап тұр және құрылыс қалдықтарынан тұратын заңсыз қоқыс үйінділері көбейген. Жиында жыл сайын өртке оранатын Атырау облысындағы полигон жайы да көтеріліп, әкімдіктерге Президент тапсырмалары аясында арнайы жобаларды шұғыл іске қосу міндеттелді.

Оң өзгерістер де аз емес. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, қалдық өңдеу саласында мақұлданған 71 жобаның 34-і қаржыландырылып, 12-сі пайдалануға берілген. Алдағы уақытта қалалар мен ауылдарға сараланған тәсіл енгізіледі. Отырыста цифрландырудың сәтті үлгісі ретінде Астанадағы пилоттық ақпараттық жүйе таныстырылды. Аталған жүйе қоқыс таситын көліктердің бағыты мен сұрыпталған шикізат көлемін онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Сарапшылар мұндай талапты заң жүзінде бекітуді ұсынды. Сонымен қатар ECO Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов сегіз жылда 10 қаланы қамтыған экологиялық ағарту тәжірибесімен бөлісіп, халықтың экологиялық мәдениетін көтермей, қалдықты бөлек жинау мүмкін еместігін жеткізді.

Жиынға салалық қауымдастықтармен қатар Қостанай, Атырау және Жетісу облыстары әкімдіктерінің өкілдері қатысып, өңірлердегі ахуалды баяндады. Жетісу өңірі үшін де тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен заңсыз қоқыс алаңдарын жою – өзекті мәселе. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелеріне 20 қарашаға дейін заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі нақты ұсыныстар пакетін әзірлеу тапсырылды. Құжат Халық Кеңесі комитетінің кеңейтілген отырысында қаралады.

Қатысты жаңалықтар

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы

Бүгін, 16:50
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы

Бүгін, 16:46
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Бүгін, 16:40
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы

Бүгін, 16:39
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Бүгін, 16:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.