Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы

Бүгін, 16:39
Мәслихаттар сайлауы
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026–2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат ЕЖІМБЕКОВ АСАН ТОҚАЙБЕКҰЛЫ.  №7 бірмандатты сайлау учаскесі.

Ауылға жаңа серпін – нақты бастама, жауапты жұмыс және ортақ нәтиже!

2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы, Бескөл локомотивтік айналым депосы басшысының орынбасары қызметін атқарамын. Бескөл ауылында туып-өстім. Еңбек жолымда жауапкершілік пен тәртіпті басты қағида етіп ұстанып келемін. Ақтүбек ауылдық округінің аудандық мәслихатына депутаттыққа кандидат ретінде ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуді мақсат етемін. Ақтүбек ауылдық округінде инфрақұрылымды дамыту, жолдардың жағдайын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, ауызсу мен интернет сапасын арттыру, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудару қажет. Ауыл шаруашылығын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету және жастарға қолайлы жағдай жасау да маңызды бағыттардың бірі. Бұл бағдарламада Ақтүбек ауылдық округінің тұрғындары үшін маңызды мәселелерді көтеріп, олардың шешілу барысын депутаттық бақылауда ұстауға басымдық беремін. Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, ұсыныстарын тиісті мекемелерге жеткізуге және нақты шешім қабылдануына ықпал етуге күш саламын. Мен үшін депутаттық қызмет – тұрғындардың сенімін ақтау, ауылдың дамуына үлес қосу және халықтың мүддесін қорғау. Негізгі мақсатым – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға атсалысу.

Құрметпен Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы

 

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелердің жағдайын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтеру. 2027 жылы Бескөл ауылындағы  Ә.Қабанбаев көшесіне 2 км асфальт төселуіне ықпал етемін.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ақтүбек ауылында 2026 жылы 12 км, 2027 жылы 30,4 км газ желісін салуға күшімді саламын. Ауызсу сапасы мен электрмен жабдықтау тұрақтылығын жақсарту мәселелерін көтеру.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

«Ауыл аманаты» жобасы аясында тұрғындарға жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге және шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетемін. Жергілікті кәсіп бастамаларын қолдап, ауыл экономикасының дамуына ықпал етемін.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуді дамытуға, шаруаларға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат беруге және жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуге ықпал етемін.

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында 5 шағын өндіріс пен отбасылық кәсіптің дамуына қолдау көрсетемін. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға және кәсіби оқыту бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Жергілікті кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға күш саламын.

6.ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ауылдағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуді көтеремін. Осы жобаның орындалу барысын бақылауға, медициналық қызмет сапасын жақсартуға және тұрғындарға қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. 2028 жылы  Ақтүбек ауылында емдік санатория салынуына ат салысамын.

7.БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, заманауи оқу кабинеттерімен жабдықтауға және жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етемін. Балалардың қауіпсіз әрі сапалы білім алуына басымдық беремін. 2027 ж М.Әуезов атындағы мектепке күрделі жөндеу жумыстары жүргізілуіне ықпал етемін..

8.ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал етемін. Мұқтаж отбасыларға көмек көрсету және балаларды мектепке дайындау жөніндегі бастамаларды қолдаймын.

9.ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Интернет пен ұялы байланыс сапасын жақсарту мәселелерін көтеремін. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтуге және цифрлық сауаттылығын арттыруға ықпал етемін.

10.ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

Көшелерін абаттандыруға, жарықтандыруға, көгалдандыруға және тазалықты сақтауға бағытталған жұмыстарды қолдаймын. «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындарды экологиялық бастамаларға тартып, ауылдың көркін жақсартуға күш саламын.

Ауыл көркін арттыруға бар күшімді саламын,
Халық игілігі үшін адал қызмет қыламын!

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 Ақтүбек ауылдық округінің дамуы – әр тұрғынның тұрмыс сапасынан, ауылдың өркендеуінен және нақты атқарылған жұмыстан көрінеді.

Ауылдағы жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру, ауызсу мен интернет сапасы, медициналық қызметтің қолжетімділігі және ауыл шаруашылығын қолдау мәселелері тұрақты назарда болуы тиіс. Әрбір тұрғын жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруге лайық.

Депутаттық жұмысымның басты мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін көтеру, Ақтүбек ауылдық округіне қатысты жоспарланған жобалардың жүзеге асырылуын, мерзімі мен сапасын және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға ықпал ету.

Бізге құр уәде емес – нақты іс, бос ұран емес – шынайы нәтиже керек! Ақтүбектің жарқын болашағын бірге қалыптастырайық!

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

 Әділет – әр тұрғынға тең мүмкіндік.
Адалдық – әр шешімнің негізі.
Ашықтық – әр істің өлшемі.
Халық сенімі – ең үлкен жауапкершілік.

 

Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!

Тапсырыс беруші: Ежімбеков А.Т.

Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді

Қатысты жаңалықтар

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы

Бүгін, 16:50
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы

Бүгін, 16:46
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Бүгін, 16:40
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы

Бүгін, 16:39
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Бүгін, 16:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.