Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы

Бүгін, 16:46
Мәслихаттар сайлауы
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ЗЕЙНЕЛҒАБДЫЛОВ ОЛЖАС ЕРЛАНҰЛЫ. №8 бірмандатты сайлау учаскесі.

«Ауылдың дамуы – бүкіл елдің,

бүкіл Қазақстанның дамуы».

   2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

 

Құрметті сайлаушылар!

 Мен, Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы, білім саласында еңбек етіп, Көктұма қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарудамын.

Кәсіби қызметімде күнделікті оқушылармен, ата-аналар және педагогтердің жұмысын үйлестірумен айналысамын. Білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесі қоғам үшін де еңбек етудің маңызды екенін ұқтырды.

Ауылдарда мектептердің жабдықталуы, медицинаның қолжетімділігі, көше жарығы, газдандыру және баспана құрылысы өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл мәселелердің шешімін ашық бақылауды мақсат етемін.

Ауылдағы әр оқушы сапалы білімге, қауіпсіз ортаға және заманауи мүмкіндікке лайық. Сол мүмкіндіктерді ауыл баласына қолжетімді ету – ауыл келешегіне салған инвестиция болмақ.

Бұл бағдарламада «Әділет» партиясының ұстанымдарымен қатар, ауылдарымызға қатысты Алакөл ауданының даму құжаттарында көрсетілген нақты нысандардың орындалуын қоғамдық және депутаттық бақылау міндеттері қамтылды.

Міндетім – мәселені айту ғана емес, оның шешілуіне ықпал ету. Депутаттық бақылау, ашық есеп және тұрғындармен тұрақты байланыс – жұмыстың басты өлшемі.

Ең үлкен баға – ауыл тұрғындарының сенімі. Ең маңызды нәтиже – ауыл өміріндегі оң өзгеріс.

Құрметпен Зейнелғабдылов Олжас

 

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

 

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Ауылдардың ішкі көшелері мен көлік қатынасына қатысты тұрғындар ұсынысын жүйелі көтеремін. Партияның жол картасына 2027 жылға енгізілген Жайпақ ауылындағы Жансүгіров көшесінің 1,1 км проблемалы учаскелерін жөндеу жұмыстарының жүзеге асырылуына үлесімді қосамын.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Қайнар ауылында көзделген газ желісі жобаларын және Көктұма ауылында жоспарланған кәріз жүйесінің салынуын бақылауды жүзеге асырамын. Ауылдарда сумен жабдықтау мәселелерінің шешілуіне және жарықтандыру жұмыстарының мерзімі мен сапасына назар аударамын.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ БИЗНЕСІН ДАМЫТУ

Ақши және Көктұма ауылдарының туристік әлеуетін арттыруға, демалыс орындары мен қонақ үйлерді дамытуға, туристерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға ықпал етемін. Туризм саласындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға күш саламын.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Қайнар, Көктұма ауылындарында мал қорымын (биотермиялық шұңқыр) салуға жер учаскесін бөлу шараларының жүзеге асуын бақылауға аламын. Ветеринариялық инфрақұрылымды дамытуда және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігі бойынша тұрғындар ұсынысын көтеремін.

5.АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Ақши ауылында өрт сөндіру депосының салынуын назарға аламын. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Көктұма ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеуінің жүзеге асуына күш саламын. Ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.

7.ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

Ауылдардағы мектептердің материалдық — техникалық жабдықталуын жақсарту, білім беру мекемелеріне баратын жолда қауіпсіз жағдай жасау шараларын қадағалауды мақсат етемін.

8.ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын.

9.ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауылдардағы жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды жүзеге асырамын.

10.ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

Жайпақ ауылындағы 150 орындық блокты-модульді мәдениет үйінің салынуына үлесімді қосамын. «Таза Қазақстан» аясында ауыл көшелерін көгалдандыру шараларын бақылауды жүзеге асырамын.

Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – ауыл игілігі үшін!

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 Ауданымыздың басты байлығы – оның адамдары екені баршаға мәлім. Азаматтарымыз өмір сүріп жатқан ауылдардың көркейгенін әр тұрғынның тұрмыс сапасынан, қауіпсіз орта мен нақты атқарылған жұмыстан байқаймыз.

Ауылдардағы мектептер, емдеу мекемелері, жолдар, көше жарығы, газ желісі және тұрғын үй мәселелері тұрақты назарда болуы тиіс. Әр отбасы жайлы әрі қауіпсіз мекенде өмір сүруге лайық.

Депутаттық жұмысымның өлшемі – тұрғындардың нақты мәселесін көтеру, ауылдарда жоспарланған нысандардың мерзімін, сапасын және бюджет қаражатының жұмсалуын ашық қадағалау.

Бізге құр уәде емес – нақты іс, бос ұран емес – шынайы нәтиже керек! Ауылдың жарқын болашағын бірге қалыптастырайық!

МЕНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫМ

 Әр тұрғынға және әр ауылға әділ қарау. Еңбекті құрметтеу, өз сөзің мен ісіңе жауап беру. Ашықтық және адамдардың мүддесін қорғауға дайын болу.

Мен сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әрқайсыңызды тыңдауға, сіздерді толғандыратын мәселелерді зерделеп, олардың шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.

 

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

Тапсырыс беруші: Зейнелгабдылов О.Е.

Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді

 

Қатысты жаңалықтар

Ел қамбасы 24,5 млн тонна астыққа толды: Президент ауқымды құрылыс пен диқандар еңбегін атап өтті

Ел қамбасы 24,5 млн тонна астыққа толды: Президент ауқымды құрылыс пен диқандар еңбегін атап өтті

Бүгін, 17:20
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Даутбаева Салтанат Ғапбасқызы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Даутбаева Салтанат Ғапбасқызы

Бүгін, 17:17
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Шындәулет Мағжан Мақсатұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Шындәулет Мағжан Мақсатұлы

Бүгін, 17:12
Аграрлық саладағы ұсыныстар Үкімет назарында болуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Аграрлық саладағы ұсыныстар Үкімет назарында болуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 17:10
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрахметов Мадияр Бекқайырұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрахметов Мадияр Бекқайырұлы

Бүгін, 17:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.