Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Бүгін, 16:33
Мәслихаттар сайлауы
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026–2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат ТҮНДЕБАЕВ АСХАТ МАШЕНҰЛЫ. №6 бірмандатты сайлау учаскесі.

Бескөлдің болашағы – бірлікте, дамуы – нақты істе!

2026-2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

 

Құрметті сайлаушылар!

      Мен, Түндебаев Асхат Мәшенұлы, жеке кәсіпкермін, «Медет» ЖК басқарып келемін. Менің ұстанымым – әр істің нәтижесі болуы керек, ал халықтың сенімі нақты іспен ақталуы тиіс. Бескөл ауылдық округінде жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру, ауызсу сапасы, абаттандыру және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі маңызды. Бұл мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, жергілікті даму жоспарларының орындалуын бақылауды мақсат етемін. Ауылдың өркендеуі – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартудан басталады. Жастарға мүмкіндік жасау, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың мәселелеріне назар аудару – маңызды міндеттер. Бұл бағдарламада «Әділет» партиясының ұстанымдарымен қатар, Бескөл ауылдық округіне қатысты ауданның даму жоспарларында көзделген жұмыстардың орындалуына қоғамдық және депутаттық бақылау жүргізу міндеттері қамтылды. Мен үшін ауылдың дамуы – құрғақ уәдемен емес, нақты нәтижемен өлшенедіЕң үлкен баға – Бескөл тұрғындарының сенімі. Ең маңызды нәтиже – ауыл өміріндегі нақты оң өзгерістер.

                                                      Құрметпен Түндебаев Асхат Мәшенұлы

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Ауданның даму жоспарына сәйкес, Бескөл ауылындағы Бүтіншінов, Қайыров көшелеріне жалпы ұзындығы 1,3 км болатын жол учаскелерін жөндеу жобасының орындалуына назар аударамын. Қызыл ту ауылы көшелері мен Бескөл станциясы көпір жолының жасалуына ықпал етемін.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Бескөл ауылын газдандыру – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартатын маңызды бағыт. Ауданның жол картасында 30 км және 80,1 км газ желісін тарту көрсетілген. Сонымен қатар, ауылда 3 км көше жарығын орнату жоспарланған. Осы жобалардың орындалу барысын бақылап, коммуналдық инфрақұрылымға қатысты тұрғындар өтініштерін көтеремін.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Бескөл ауылындағы шағын және орта бизнесті қолдауға, кәсіпкерлердің жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары туралы ақпаратқа қол жеткізуіне ықпал етемін. Ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашуына, қызмет көрсету саласын дамытуына және жаңа табыс көздерін қалыптастыруына мүмкіндік беретін 10  бастаманы  қолдаймын.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың мәселелерін назарда ұстап, шаруашылықтарды қолдау бағдарламаларының қолжетімді болуына ықпал етемін. Жерді тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және шағын шаруашылықтардың дамуына жағдай жасау.

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Бескөл ауылында тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға басымдық беремін. Ауданның даму жоспарында жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру және жастар практикасына тарту бойынша жыл сайын 100 адамды қамту міндеті көзделген. Осы мүмкіндіктер туралы тұрғындардың хабардар болуына және бағдарламалардың қолжетімді болуына ықпал етемін.

6.ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Бескөл тұрғындарының медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуі мен алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жақсарту мәселелерін көтеремін.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Бескөл станциясындағы Әуезов атындағы №14 орта мектепті күрделі жөндеуден өткізуіне ықпал етемін. Осы жұмыстың уақытылы жүзеге асырылуына, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға назар аударамын.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, қарттардың және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың әлеуметтік қолдауға қол жеткізуіне ықпал етемін

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс операторларына (Kcell, Beeline) мұнара қуатын арттыру туралы депутаттық сауал жолдау.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

Бескөл ауылын абаттандыру, көшелердің тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелерін көтеремін.

 

Ауылымның гүлденуіне үлес қосамын,
Ел сенімін ақтап, игі істер бастаймын!

 

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Бескөл ауылының болашағы – тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, инфрақұрылымды жақсарту мен елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде. Әрбір тұрғынның әл-ауқатын арттыру, өзекті мәселелерді шешу және ауылдың өркендеуіне мүмкіндік жасау – басты міндеттердің бірі.

Бескөл ауылдық округінде жолдардың сапасы, көше жарығы, газдандыру, медициналық қызмет пен білім беру саласын дамыту мәселелері тұрақты назарда болуы тиіс. Әрбір отбасы жайлы ортада өмір сүріп, сапалы қызмет алуға лайық.

Депутаттық жұмысымның басты мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін көтеріп, Бескөл ауылына қатысты жоспарланған жобалардың жүзеге асырылуын, олардың мерзімі мен сапасын және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға ықпал ету.

Бізге құр уәде емес – нақты іс, бос ұран емес – шынайы нәтиже керек! Бескөлдің өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында бірлесе еңбек етейік!

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

 Әділет – Бескөл ауылының әр тұрғынына тең мүмкіндік. Адалдық – әр шешімнің негізі. Ашықтық – әр істің өлшемі. Халық сенімі – ең үлкен жауапкершілік.

Әр тұрғынның үнін естіп, көтерілген мәселенің шешімін соңына дейін қадағалау – менің берік ұстанымым.

Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!

 

 

Тапсырыс беруші: Түндебаев А.М.

Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Бүгін, 17:52
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 17:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.