Талдықорған: +13°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

18 қараша 2026
КҮЛТӨБЕ
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады
WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Жетісу облысында саябақтар мен скверлерді абаттандыру және жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл ретте жасыл желектерді сапалы күтіп-баптау үшін автоматты суару жүйелерін орнатуға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, облыс құрылғаннан бері аудан орталықтарындағы жасыл аймақтар кезең-кезеңімен абаттандырылып келеді. Ал келесі жылы Талдықорған қаласындағы орталық саябақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралауы барысында белгілі болды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Талдықорған қаласындағы үш саябақта: «Жастар» саябағында, Ардагерлер саябағында және Қаратал өзенінің жағалауында автоматты суару жүйесі орнатылды. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Ардагерлер саябағында атқарылған жұмыстардың барысымен танысты.

Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, автоматты суару желілерінің жалпы ұзындығы 6,8 км. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 200-ге жуық қылқан жапырақты және жапырақты ағаш отырғызылған.

Жалпы, биыл Талдықорған қаласында 13 мың ағаш отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда оның 12 400-і егілді. Қалған 600 ағаш қараша айының соңына дейін отырғызылады.

– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Жетісу облысында барлық дерлік аудан орталықтарында заманауи саябақтар кезең-кезеңімен салынып, қолданыстағы жасыл аймақтар жаңғыртылуда. Саябақтардағы жасыл желектерді күтіп-баптап, уақытылы суару қажет болғандықтан, автоматты суару жүйелері де енгізілуде. Сонымен қатар келесі жылы Талдықорған қаласындағы орталық саябақта күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде мүлдем жаңа саябақ пайда болады. Қаланы көгалдандыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылады. Әсіресе, қалаға кіреберістегі аркадан бастап айналма жолға дейінгі аумақ абаттандырылады. Жолдың оң және сол жағына көгал төселіп, ағаштар отырғызылады, суару жүйесі мен жарықтандыру орнатылады. Сондай-ақ орындықтар, демалыс орындары мен спорт алаңдары салынады, – деп атап өтті облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Ардагерлер саябағын аралау қорытындысы бойынша облыс әкімі орындықтарды, кіреберісті ретке келтіріп, көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

Жас мергендер жүлделі оралды

Жас мергендер жүлделі оралды

Бүгін, 14:00
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.