Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Агроөндіріске нақты серпіліс

16 қараша 2023
КҮНДЕРЕК
Агроөндіріске нақты серпіліс
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында саяси реформалар шеңберінде атқарылған жұмыстармен қатар біраз мәселенің де барын жоққа шығармады. «Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауылшаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор» дей келе,  біздің елде қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдалана алмай отырғанымызды жеткізді.

Бұл рас. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Президент айтпақшы, Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Ал осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Мемлекет басшысының «Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет» деуі де сондықтан.

Демек, бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет.

Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керегі де назарға алынды. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі үшін қажетті жағдай жасалуы керек. Бұл да кешегі Жолдауда айтылған өзекті мәселелердің бірі.

Сонымен бірге алдағы жылдары болуы мүмкін су тапшылығын ерекше атап өтуге болады. Яғни, алдағы жылдарда елімізде су тапшылығы 12-15 миллиард текшеметрге жетуі мүмкін.

Президентіміз айтқандай, су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты әрі табиғи құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текшеметрге жетуі мүмкін. Алайда «Мәселе мені қашан табады?» қол қусырып қарап отыруға да болмайды. Тірі адам тіршілігін жасауы керек, қармануы керек. Бұл да өмір сүрудің, табиғаттың заңдылығы. Бұл ретте елімізде жаңа министрліктердің құрылғаны белгілі. Олардың қатарында Су ресурстары және ирригация министрлігі де бар. Су тапшылығы күрделенген шақта бұл дұрыс қабылданған шешім.

Сайранбеков  Қамбарбек,
«Sairanbek Agro» ЖШС директоры

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.