Қаратал аудандық мәслихат депутаты, Партия фракциясының мүшесі Ляззат Испанова №5 сайлау учаскесінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Халық қалаулысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын насихаттап, аудан көлемінде атқарлып жатқан жұмыстарды сөз етті.
Айта кетерлігі ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Водопроводная көшесіне тас жол төселініп, Мичурина көшесінің жолы тегістелді. Балаларға арналған ойын алаңдары салынды және қала көшелеріне жарық жүргізілді.
Жиында тұрғындардың ұсыныс, тілектері тыңдалды. Айту би, Қаратал, Ломоносова, Орақты батыр көшесі мен шағын көшелерде жол жөндеу және жарық жүргізу мәселелер көтерілді. Ляззат Сарқытбайқызы көтерліген мәселелерді шешу жолдары қарастырылып жатқанын жеткізді.





