Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«Парламентке дейін 7-8 есе жоғары еді». Бақытжан Базарбек депутат болғанға дейінгі табысы туралы айтты

24 қазан 2023
САЯСАТ
"Парламентке дейін 7-8 есе жоғары еді". Бақытжан Базарбек депутат болғанға дейінгі табысы туралы айтты
WhatsAppTelegramFacebook

Депутат Бақытжан Базарбек Massaget TV YouTube арнасына берген сұхбатында Парламентке келмес бұрын жалақысы бірнеше есе жоғары болғанын айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтының ақпаратына сүйеніп.

Бақытжан Базарбек депутат болмай тұрып, заңгер ретінде қазіргі жалақысынан бірнеше есе көп табыс тапқанын айтады. Оның үстіне депутаттыққа дейін еркін болғанын жеткізді.

«Парламент Мәжілісіне келгенім комфорт зонадан шыққанмен тең деп есептеймін. Себебі Парламентке дейін менде бостандық болды, ешкім маған үстімнен былай-былай деп айта алмайтын, қоқан-лоқы жасай алмайтын, ешкімге бағынбайтынмын, регламентім болған жоқ. Шетелде демалып, кетіп қалуға мүмкіндігім болатын. Содан кейін табысым заңгер ретінде қазіргі Парламенттен 7-8 есе жоғары еді. Себебі мен ең даулы, үлкен, халықтың наразылығын көтеретін жер мәселелерімен айналысқанмын. Сотта қорғағанмын. Мен Парламентке идея үшін келдім. Себебі бір күні бәріміз бұл жалған дүниеден кетеміз. Артымызда дүние, жақсы ат қалдырып кетуіміз керек», — дейді ол.

Депутаттың сөзінше, оның бұл қызметке келуіне жұбайы да қарсы болған. Дегенмен депутат болу оның көп жылғы арманы екен.

«Парламентке келуіме үлкен қарсылық тудырған — әйелім. Ол маған «біріншіден, Астанаға көшу керек, екіншіден, айлығын білесің ғой, 800-900 мың, сен заңгер болып сотта қорғай алмайсың» деді. «5 жыл шыдашы, 5 жылдан кейін заңға тиісті өзгерістер енгізейін» дедім. Өзгерістер енгізгеннен кейін жүрегім тыныш. Себебі студент кезден арманым бар еді: не Жоғары соттың судьясы болу немесе Парламент Мәжілісінің депутаты болу. Судья болып шынайы сот төрелігін іске асыру, халықтың сүйіспеншілігіне ие болу немесе халық үшін жақсы заң қалдырып кету. Сондай арманмен жүріп келдім, сол арманға жеттім. Жолдасым енді ғана кішкене сенген сияқты», — дейді Бақытжан Базарбек.

Фото: видеодан алынған кадр

Қатысты жаңалықтар

105 жаста да сайлаудан қалған емес

105 жаста да сайлаудан қалған емес

Бүгін, 13:31
Мәслихат есімді аудан тұрғыны өз таңдауын жасады

Мәслихат есімді аудан тұрғыны өз таңдауын жасады

Бүгін, 13:19
Рұқсатсыз аң атпа

Рұқсатсыз аң атпа

Бүгін, 13:00
№447 сайлау учаскесінде «Әуенді Текелі» концерттік бағдарламасы өтті

№447 сайлау учаскесінде «Әуенді Текелі» концерттік бағдарламасы өтті

Бүгін, 12:45
Майдангер Ысқақ Құсайынов дауыс берді

Майдангер Ысқақ Құсайынов дауыс берді

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.